ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚҰРҒАҚ-ДАЛА АЙМАҒЫНЫҢ КҮҢГІРТ ҚАРА- ҚОҢЫР ТОПЫРАҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА АСТЫҚ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТАҢБАЛАНҒАН АЗОТТЫ 15N ПАЙДАЛАНУ КОЭФФИЦИЕНТІ

Авторы

  • Касипхан А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті
  • Рамазанова Р. Х. У.У.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия зерттеу институты
  • Кекілбаева Г. Р. С. сейфуллина атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.2(117).1394

Ключевые слова:

таңбаланған азот; 15N изотобы; жаздық тритикале; жаздық бидай; азот тыңайтқышы; азот теңгерімі.

Аннотация

Мақалада алғаш рет Қазақстанның құрғақ дала аймағының күңгірт қара-қоңыр топырағы жағдайында азоттың 15N тұрақты изотопымен жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген. Топырақтағы азотты трансформациялаудың биологиялық және химиялық үрдістерінің сипаты және жаздық бидай мен тритикалеге енгізілген тыңайтқыштар азотының өсімдіктерге сіңімділігінің сандық бағалануы жайлы негізгі мәліметтер келтірілген. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша жаздық тритикале жаздық бидайға қарағанда тыңайтқыш азотын қарқынды пайдаланатындығы анықталды. Екі дақыл үшін тыңайтқышқтың мөлшері мен енгізілу мерзімдеріне байланысты, Р60 және Р0 аясында N30 себу алдында және N30 түптену кезінде енгізу басқа нұсқалармен салыстырғанда жоғары тиімділігін көрсетті. Жүргізілген тәжірибе нәтижесі бойынша енгізілген тыңайтқыш азотының негізгі бөлігі (60-62%) дәнде жиналғаны анықталды. Топырақта бекітілген азот жаздық бидай өсіру кезінде енгізілген тыңайтқыштың 20-дан 39%-ға дейінгі мөлшерін және жаздық тритикаледе 30-дан 45% ға дейінгі мөлшерін құрады.

Опубликован

2023-06-26