АГРОМЕЛИОРАЦИЯЛЫҚ ШАРАЛАР – ТИІМДІ ТАБЫС КӨЗІ

Авторы

  • Тағаев А. М. ТМақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы
  • Қостақов А. Қ. Сельскохозяйственная опытная станция хлопководства и бахчеводства
  • Махмаджанов С. П. Сельскохозяйственная опытная станция хлопководства и бахчеводства

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.2(117).1383

Ключевые слова:

сұртопырақ; мақта; сорт; топырақты терең қопсыту; топырақты лазерлік тегістеу; минералды тыңайтқыштар; топырақтың көлем салмағы.

Аннотация

Түркістан облысының суармалы егіншлігінде, агромелиоративтік шаралардың дұрыс жүргізілмеуі, тік кәрізді ұңғымалардың тозуы салдарынан, минералданған жер асты суларының деңгейі көтеріліп, топырақтың екінші тұздануына соқтырып отыр, бұл келеңсіз жағдайлар, топырақ құнарлығы мен мақта өнімділігіне кері әсерін тигізіп отыр. Суармалы жерлерді ұтымды пайдалану негізінде, топырақтың агромелиоративтік жағдайларын жақсарту бойынша, заманауи кешенді агромелиорациялық технологияларды өндіріске ендіру, қазіргі таңда өзекті мәселе болып отыр. Жүргізілген зерттеулердің ғылыми практикалық маңыздылығы - Түркістан облысындағы топырақтың сортаңдану үдерістерінің алдын-алу бойынша, топырақтың агрофизикалық қасиеттерін оңтайландыру мақсатында, қарқынды агромелиорациялық кешенді шараларды тиімді қолдану болып табылады. Жұмыстың зерттеу әдістері мен әдістемесі – «Мақта және бақша ауыл шаруашылығы тәжiрибе станциясының» эксперименталдық алқабында «Мақтаға жүргізілетін далалық-вегетациялық тәжiрибелер әдiстемесі» (А.И. Имамалиев, Союз НИХИ, 1981) бойынша, барлық талаптарға сүйене жүргiзiлдi. Ғылыми жұмыста Мақтаарал-4017 отандық аудандастырылған мақта сортының өнімділігін анықтау бойынша зерттеулер жүргізілді. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен қорытындылары бойынша, атқарылған жұмыстың 4-ші нұсқасында, топырақты 55 см тереңдікке терең қопсытуды қолдану мен үйлесімді топырақты лазерлік тегістеу шараларын қолданғанда, топырақтың көлемдік салмағына (тығыздығы) оңтайлы әсері анықталды, яғни, көктемде, топырақтың көлем салмағы, орташа 0-30 см қабатта 1,30 г/см3 құрады, бұл бақылаулы нұсқамен салыстырғанда 0,008 г/см3 дәрежеге жақсарғаны баяндалған. Түркістан облысының топырақ жағдайларында, жылдан жылға сортаңдану үрдістері көбейіп келеді. Сондықтан да суармалы егіншіліктің тиімділігіне кері әсер ететін келеңсіз факторлардың алдын-алуын, сортаңданған жерлердің тұз құрамын төмендету және сұр топырақтың жағдайларын жақсарту, сондай-ақ мақта дақылының өнімділігін арттыруда, бұл қарқынды агромелиорациялық тиімді әдіс - зерттеудің құндылығы мен жұмыс нәтижелерінің практикалық маңыздылығы болып саналады.

Опубликован

2023-06-26