ФУНКЦИОНАЛДЫ СУСЫНДАР ТЕХНОЛОГИЯСЫНДА ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫНЫҢ СЫҒЫНДЫСЫН ҚОЛДАНУ / ҚАЙТАРЫП АЛЫНДЫ/ОТОЗВАНА/RETRACTED 06.05.2024

Авторы

  • Нурыш А. Б. «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы
  • Акжанов Н. «Қазақ қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Астана филиалы
  • Максумова Д. К. Ташкент химия-технологиялық институты

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2023.2(117).1367

Ключевые слова:

зерттеу; грек жаңғағы қабығы; флавоноидтар; сығынды; қоспалар; фенол қышқылдары.

Аннотация

Қазіргі әлемде ғылым, тамақ технологиялары мен медицина дамыған сайын көптеген аурулардың алдын алуға, өнімділікті арттыруға және халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған тиімді, ғылыми негізделген, ұтымды және сонымен бірге функционалды тамақтануды құру қажеттілігі артып келеді. Бұл мақалада функционалды сусындар өндірісінің заманауи технологиялары бойынша зерттеу жұмысы берілген. Грек жаңғағы қалдығы қайта өңдеу өнімі ретінде құрамы мен қасиеттері зерттеліп, олардың функционалды сусындар дайындау үшін биологиялық белсенді заттардың шикізат көзі ретінде пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері ұсынылған. Бұл зерттеу жұмысында жаңғақ қабығынан сулы-этанолды сығындысы алынып, оның биологиялық құрамы зерттелді. Зерттеу жұмысы арнайы техникалық шарттар мен МЕМСТ-қа сәйкес жүргізілді. Сығындының витаминдік және минералдық құрамы бай, антиоксиданттық қасиеті жоғары екендігі дәлелденді. Профилактикалық қасиеттері бар грек жаңғағы қабығынан алынған сығындымен байытылған функционалды сусындардың өзектілігі негізделген.

Опубликован

2023-06-26