«ЦЕОБАЛЫҚ» ПРЕБИОТИГІН ЖАЙЫН БАЛЫҚТАРЫНЫҢ (CLARIAS GARIEPINUS) НЕГІЗГІ РАЦИОНЫНА ҚОЛДАНҒАН КЕЗДЕГІ ӨСУ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

жайын балығы; азықтық қоспа; пребиотик; салмақ; өсім; рацион; физиологиялық күйі.

Авторы

  • Аккозова А.С. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Caрcембaевa Н.Б. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Ромашев К.М. Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

DOI:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1239

Ключевые слова:

жайын балығы; азықтық қоспа; пребиотик; салмақ; өсім; рацион; физиологиялық күйі.

Аннотация

Мақалада жайын балықтарының негізгі ас үлесіне «Цеобалық» пребиотигін қосу кезіндегі балықтардың өсу көрсеткіштері мен физиологиялық жағдайын зерттеу нәтижелері берілген. Тәжірибелік зерттеулер «TENGRYFISH» ЖШС-де жүргізілді. Бақылау тобының негізгі азығының құрамына пребиотикалық азықтық қоспа қосылмады, ал қалған екі тәжірибелік топтардың негізгі азығына «Цеобалык» пребиотигі 5% және 10% мөлшерде қосылды. Зерттеу жұмысының ұзақтығы 61 тәулікті құрады. Жұмыстың алынған нәтижесі негізгі азық құрамына пребиотикті азықтық қоспаны қосып балықтарды қоректендірген топтардың өсу көрсеткіштері жоғары болғанын және физиологиялық күйлері жақсы болғанын көрсетті. Пребиотик қосылған азықпен қоректенген балықтардың тәжірибелік топтарының абсолютті өсімі бақылау тобымен салыстырғанда 4,9% және 13,6% жоғары болды. Екінші топтағы балықтардың өмір сүру қабілеті 96%-ды құрады. Алынған қорытындылар бойынша «Цеобалык» пребиотигін балықтардың негізгі азығына 5% мөлшерде қосу оңтайлы болатындығы анықталды. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелер «Цеобалык» пребиотигін балықтардың негізгі рационына пребиотикалық азықтық қоспа ретінде қолдануға болатындығын және пребиотиктің жайын балықтарының ағзасына оң әсер ете алатындығын көрсетті.

Опубликован

2022-12-21