МИНЕРАЛДЫ ҚОРЕКТЕНУ ЖАҒДАЙЫНА ЖӘНЕ АЗОТ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫН ПАЙДАЛАНУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ЖАСЫМЫҚТЫҢ «ВЕХОВСКАЯ» СҰРЫПЫН ҚАРА-ҚОҢЫР ТОПЫРАҚТАРДА ӨСІРУДІҢ ТИІМДІЛІГІ
минералды қоректену; жасымық; азот тыңайтқыштары; өнімділік; қосымша түзілген өнім; нитратты азот; оңтайлы деңгей.
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1226Ключевые слова:
минералды қоректену; жасымық; азот тыңайтқыштары; өнімділік; қосымша түзілген өнім; нитратты азот; оңтайлы деңгей.Аннотация
Зерттеу жұмысының өзектілігі - Ақмола облысының қара-қоңыр топырақтарында жасымықты өсіруде азотты қоректену жағдайларын оңтайландыру қажеттілігінен туындады. Далалық тәжірибелер 2018 2020 жж. «Ақтық» АҚ АФ-да жүргізілді. Зерттеудің мақсаты – «Веховская» жасымық сұрыпының өнімділігін арттыру үшін азотпен қоректену жағдайларын және тыңайтқыштарды қолдануды оңтайландыру. «Веховская» сұрыпының өнімділігіне топырақтағы қоректік заттардың бастапқы мөлшері мен азот тыңайтқыштары айтарлықтай әсер ететіні анықталды. Ең жоғары қосымша өнімділік P90N60 нұсқасында түзілді – 9,2 ц/га. Азот тыңайтқыштарын қолдану ақуыз мөлшерінің артуына әкеледі. Азот және фосфор тыңайтқыштарын біріктіріп қолдану, тек фосфор немесе азот тыңайтқыштарын жеке енгізумен салыстырғанда, ақуыз мөлшерін әлдеқайда жоғарылатады. Топырақтағы нитратты азоттың мөлшері мен өнімділік арасында жоғары корреляциялық байланыс анықталды (R=0,81; R=0,96). Ең жоғары өнімділік 2020 жылы топырақтың 0-40 см қабатында азоттың - 17,3 мг/кг деңгейінде – 29,1 ц/га қалыптасты. Қолданылған тыңайтқыштардың тиімділігін есептеу, жасымықта ең жоғары қайтарымдылығы азот тыңайтқыштарының 30 және 60 кг ә.е.з. қолданғанда көрсетті. P90 нұсқасында азот, сәйкесінше 3,3 және 6,3 кг қосымша өнім /кг ә.е.з. құрады. Азот мөлшерін 15-17 мг/кг деңгейіне жеткізу, максималды шартты таза табыс (34 мың теңге/га) алуға және тыңайтқыштарды еңгізудің шығындарының (5,2 теңге) өтелуіне мүмкіндік берді.