СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ШЫҒУ ТЕГІ ӘРТҮРЛІ МАЙБҰРШАҚ СОРТТАРЫНЫҢ ШАРУАШЫЛЫҚ-БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.4.1195Ключевые слова:
майбұршақ; сорт; өнімділік; ақуыз; май; вегетациялық кезең; селекцияАннотация
Қазіргі уақытта адамдардың тамақтануы мен ауылшаруашылық жануарларын азықтандыруда өсімдік ақуызының жетіспеушілігі байқалады.Бұл мәселені дәнді-бұршақдақылдарды өндіріске еңгіз арқылы шешуге болады, олардың ішінде ең перспективтісі майбұршақ Glycinemax (L.) Merr болып табылады. Майбұршақтыңегістік алқаптарын ұлғайтуға жергілікті метеорологиялық жағдайларға бейімделген сорттардың болмауы айтарлықтай кедергі келтіреді. Қазіргі уақытта майбұршақ сорттарын ерте пісетін, жоғары өнімділік пен өнім сапасы бағытында жұмыс жүргізу маңызды. Жүргізілген зерттеудің негізгі мақсаты - Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында шығу тегі әртүрлі майбұршақ сорттарын кешенді бағалау және селекцияда одан әрі пайдалану үшін бейімделген формалардыанықтау және ұсыну. Коллекциялық питомникті cебу және бағалау Н.И.Вавиловатындағы Бүкілресейлік өсімдік шаруашылығы институты (БРӨШИ) әзірлеген «Дәнді- бұршақ дақылдарын зерттеудің әдістемелік нұсқауы» бойынша жүргізілді.Танаптық зерттеулер "Дәнді-бұршақты дақылдарының коллекциясын зерттеу әдістері" әдістемесіне сәйкес жүргізілді. Майбұршақ сорттарын шаруашылық-құнды белгілері мен өнімділігі бойынша кешенді бағалау жүргізілді, сондай-ақ майбұршақ сорттарының сапа көрсеткіштерімен өнімнің құрылым элементтерінің өнімділікпен байланысы анықталды. Зерттеу нәтижелері бойынша ерте пісу белгісі бойынша Heihe 58, Heihe 33. Heihe 49, Бара, Beidou 26, Beidou 51, Suiyang 1сорттары ерекшеленді. Бұл сорттардың вегетациялық кезеңі 90-92 күн құрады. Жоғары өнімділікті Heihe 33, Heihe 35, Бара, Heihe 44, Heihe 49, Beidou 26, Beidou 43, Huajiong 2;LongKen 310, Kenfeng 6 көрсетті. Бұл көрсеткіш 10,2-12,8 ц/га аралығында ауытқыды. Майбұршақ сорттарының дәніндегі жоғары май және ақуыз мөлшері бойынша Huajiong 2, Beidou 43, Beidou 26, Heihe 49, Бара, Heihe 33 және Heihe 35 сорттары жоғары көрсеткіштерге ие болды. Май мөлшері 17,2-21,4% аралығында болса, ақуыз мөлшері 35,7-41,8 % құрады. Өсімдіктегі бұршаққаптардың ең көп саны Heihe 44, Heihe 49, Beidou 26, Beidou 36 сорттарында анықталды, бұршаққаптар саны 19,0-29,7 аралығында болды. Зерттеу жылдары 1000 дән массасы 123,2-ден 151,2 граммға дейін ауытқыды. Майбұршақтың құнды шаруашылық-биологиялық белгілері бар сорттары селекциялық процессте бастапқы материал көздері ретінде қолдану ұсынылды.