БҰҚАШЫҚТАРДЫ ӨСІРУ КЕЗЕНДЕ ЭКСТРУДТАЛҒАН ҚҰРАМА ЖЕМДІ ҚОЛДАНУ
DOI:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.3(114).1134Ключевые слова:
құрама жем; экструдтау; симментал тұқымы; бұқашықтар; тірі салмақ; дене өлшемдері; тұлға индекстеріАннотация
Мақалада бұқашықтарды өсіру кезінде экструдталған құрама жемді пайдалану бойынша зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу нысаны ретінде симментал тұқымының 4-5 айлық бұқашықтары алынған. Зерттеуге әрқайсысы 10 бастан тұратын 2 топ құрылған (бақылау және тәжірибелік). Бұқашықтарды бағып-күту жағдайлары бірдей болған. Бұқашықтарды азықтандырудағы айырмашылық, тәжірибе тобында берілген 1,5 кг концентрлі жем 1,0 кг экструдталған құрамажемге ауыстырылған, ал рациондардың қоректік құндылығы айтарлықтай өзгермеген. Алынған
нәтиже негізінде бұқашықтарды өсіргенде экструдталған жемді пайдалу қоректік заттарды пайдалану тиімділігін арттыратыны байқалады, бұл
бұқашықтардың өсу мен дамуына яғни динамикасына оң әсер етеді деп қорытынды жасауға болады. Тәжірибе басында негізгі рацион алған бақылау тобы бұқашықтарының тірі салмағы - 117,4 кг құраса, ал экструдталған құрама жем алған топтағы бұқашықтардың тірі салмағы - 118,2 кг болды.
Зерттеу соңында тәжірибе тобы бұқашықтарының салмағы - 36,4 кг-ға артты, яғни бақылау тобы бұқашықтарымен салыстырғанда 15,28 кг-ға жоғарылады. Орташа тәуліктік өсім, бақылау тобында 704 г, ал тәжірибе тобының 1213 г құрады, яғни бақылау тобы бұқашықтарына қарағанда 509 г-ға жоғары болған.