Журнал туралы ақпарат

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ҒЫЛЫМ ЖАРШЫСЫ

 «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ғылым жаршысы»  ғылыми журналы 1994 жылдан бастап еліміздегі жетекші ауылшаруашылық университеті - Ақмола ауылшаруашылық институты негізінде құрылды және қазіргі уақытта шығарылуда. Университеттің атауы өзгерді және журналдың атауы өзгертілді.

Журнал тоқсан сайын 300 дана таралыммен шығарылады. Журналдың редакциялық алқасы құрамына жақын және алыс шет елдердің шетелдік ғалымдары кіреді.

Басылымға тұрақты халықаралық нөмір - ISSN 2710 - 3757, ISSN 2079-939Х берілген. Басылымда Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Ақпарат және мұрағат комитетінде 2005 жылғы 23 ақпандағы №5770-Ж тіркеу куәлігі бар.              

Жарияланымдардың тақырыптық бағыты.

Журналдың материалдары аграрлық, биологиялық, химиялық, техникалық, экономикалық ғылымдардың, сондай-ақ табиғи, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдардың түрлі салаларында іргелі және қолданбалы зерттеулердің өзекті мәселелері бойынша тәжірибелік, теориялық және әдістемелік зерттеулердің нәтижелерін көрсетеді. Журнал университеттің көрнекті ғалымдары құрылған прогрессивті мектептерді дамыту туралы материалдарды жариялайды.

 Журналдың редакциялық саясаты

 Журналдың мақсаты  теориялық және ең жақсы тәжірибенің заманауи талаптарына сай келетін түпнұсқалық ғылыми мақалаларды жариялау болып табылады.

Журнал аграрлық ғылым мен өндірістің өзекті мәселелері бойынша қазақстандық және шетелдік ғалымдар, жоғары кәсіби мамандар мен бастаушы зерттеушілер арасындағы байланыс үшін алаң ретінде қызмет етеді.

Журнал Қазақстандық дерекқорларында ұсынылған және өз басылымдарының жетекші халықаралық дерекқорларға  енгізу мен  кеңейтуге ұмтылады.

С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті журналды баспаға шығарға отырып;

- жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың өзара байланыстарын  қамтамасыз етіп басылымдарға қатысу, сондай-ақ халықаралық және отандық ғылыми мектептердің зерттеушілері арасында пікір алмасуды қамтамасыз етуге;

- ғылыми қоғамдастықтың білімі мен тәжірибесін жинақтау; зерттеудің басым бағыттарында жаңа теориялық және практикалық білімдерді қамтуға;

- ақпараттық ғылыми алмасуды жақсартуға жәрдемдесетін, сондай-ақ журналда жарияланған авторлардың ғылыми жұмыстарының тиімділігін және тиісінше, ғылыми жұмыстардың тиімділігін арттыруға ықпал ететін теңдесі жоқ электрондық ғылыми басылымдарға ашық қолжетімділік саясатын жүргізеді.

 «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Ғылым жаршысы»  ғылыми журналының редакциялық саясатының міндеттері:

- агроөнеркәсіптік кешеннің түрлі салалары мен секторларындағы көптеген ғалымдар мен мамандар үшін толық және объективті ақпарат беру;

- журнал беттерінде жарияланған ақпарат жоғары ғылыми талаптарды қанағаттандыруы;

- жақын және алыс шет елдердегі жоғары оқу орындарының және ғылыми орталықтарының көптеген танымал ғалымдарымен тығыз қарым-қатынас жасау, бұл жоғары кәсіби деңгейді қамтамасыз етуге, жарияланымдардың маңыздылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;

- жоғары сілтеме индексі бар отандық және шетелдік ғалымдар мен рецензенттерді  редакторлық кеңестің мүшелігіне тарту мен кеңейту.