ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙДЫҢ ПЕРСПЕКТИВТІ ЛИНИЯЛАРЫНЫҢ САПАЛЫҚ ЖӘНЕ ӨНІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІН БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).983Ключевые слова:
Бидай; селекция; өнімділік; сапа; линия; трансгрессияАннотация
Жаздық бидайдың F7 будандық ұрпақтарын зерттеу негізінде келесдейі белгілер бойынша донорлық қасиетке ие линиялар таңдалып алынды: Az x K-5 – өсімдік биіктігі (79см) және өнімді түптенуі (1,5) бойынша; Az x K-55 – масақ өнімділігі бойынша (1,31 гр.); K x Az-177 – дән ірілігі бойынша (39,54 гр.). Сапалық көрсеткіштері бойынша Az x K-17 линиясы , ал өнімділігі бойынша Az x K-5 линиясы үздік көрсеткіштер көрсетті. Масақтағы дән салмағның трансгрессиялық дәрежесі бойынша F7 ұрпағында ең жоғарғы 63,0% кореткен K X Az-177 линиясы перспективті болып табылады. Az x K-55 линиясы жиынтық көрсеткіштерінің трансгрессиясы бойынша оң дәрежемен ерекшеленді. Ақуыз бен клейковина құрамы бойынша Az x K-17 (18,8; 32,0%) және Az x K-5(17,9; 31,8%) линиларын атап өтуге болады. ИДК көрсеткіштері бойынша Карабалыкская 90 х Алтайская жница сорттарының тіке және кері қайталама будандасытрумен алынған гибридтік ұрпақтарынан таңдалған барлық линиялар І топқа жатады, клейковина дәрежесі – жақсы, Az x K-17, Az x K-17 және Az x K-5 линияларында дәннің қаттылық көрсеткіштері – жоғары.