ТОМАЙ КӨЛІ ЖАҒДАЙЫНДА ТАУАРЛЫ КӨЛ БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЕНГІЗУ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).979Ключевые слова:
көл-тауарлы балық шаруашылығы; Томай көлі; гидрохимиялық режим; зоопланктофауна; макрозообентос; ихтиофауна; балық өнімділігі.Аннотация
Зерттеуді Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаржыландырды (Грант №BR10264236). Қазіргі уақытта тауарлық балықты өсіру және сату үшін шағын және ірі көлдерді балық шаруашылығы айналымына тарту арқылы көптеген елдердің ішкі су қоймаларында тауарлық балық өнімдерінің көлемін ұлғайту өте орынды болып табылады. Аквакультураның жедел дамуы жағдайында балық шаруашылығын дамыту үшін су қоймаларын пайдалану тәжірибесі жиі кездеседі. Ол үшін биологиялық негіздемелер әзірленеді, әртүрлі мақсаттағы су объектілері паспортталады, су объектілерін сәтті пайдалану үшін ұсынымдар беріледі. Осыған байланысты модельдік объект ретінде біз Томай көлінде тауарлы-көл балық шаруашылығын енгізу мүмкіндігін қарастырдық. Су айдыны туралы объективті деректер алу үшін кешенді ғылыми зерттеу жүргізілді, оның қорытындысы бойынша жем базасының түрлік құрамы, судың гидрохимиялық және гидрологиялық параметрлері, су айдынының ихтиофаунасы туралы нәтижелер алынды. Мақалада зоопланктон мен бентостың саны туралы материалдар, сонымен қатар Томай көлінің балық түрлерінің негізгі өкілдерінің биологиялық көрсеткіштері келтірілген. Томай су қоймасын көл-тауарлы балық шаруашылығы ретінде тиімді пайдалану үшін мелиорациялық жұмыстардың белгілі бір түрлерін орындау қажеттілігі туралы ұсыныстар ұсынылды.