VYTELLE TECHNOLOGY (GROWSAFE) ҚОЛДАНЫЛУЫМЕН АЗЫҚ ҚАЛДЫҚ КӨРСЕТКІШІН АНЫҚТАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).977Ключевые слова:
Қазақтың ақбас тұқымы; Vytelle технологиясы; мал азығының тиімділігі; тірілей салмақ; азықтың қалдықтары; құрғақ заттарды қабылдау; орташа тәуліктік өсіміАннотация
Мақалада қазақтың ақбас ірі қара малдың асыл тұқымды және еттілік сапасын бағалау үшін Қазақстанда енгізу мақсатында агроөнеркәсіптік кешені дамыған елдерде қолданылып жүрген Vytelle технологиясын қолдану тәжірибесі қарастырылған. Қазіргі уақытта Павлодар облысындағы «Галицкое» ЖШС-де Vytelle технологиясы енгізілуде. Зерттеу объектілері 18-21 айлық 58 бас көлеміндегі қазақтың ақбас тұқымды бұқалары болды. Зерттеу жүргізу үшін Vytelle дерекқорынан түсіру қолданылды. Алынған мәліметтерге сәйкес, қалдық азық қабылдау RFI 1-топ үшін шектерде өзгерді: -1,95-тен 1,90-ға дейін, 2-топ үшін -2,16-дан 2,08-ге дейін. Бірінші үлгі үшін қалдық орташа тәуліктік өсім (RADG) -0,64…0,71, екінші үлгі үшін -0,39…0,33 болды. Зерттеулердің соңында орташа тірі салмақ (END WT.) бірінші топ үшін 426,75 кг, ал екінші топ үшін 328,4 кг болды. Орташа тәуліктік тірі салмақ өсімінің (ADG) орташа мәні топтар үшін 0,93 және 0,64 кг болды. Сынау кезінде жануарлардың орташа тәулігіне бірінші топтағы құрғақ затты қабылдауы (DMI) 8,55...13,91, екінші топ үшін – 6,63...12,43 болды. Бірінші топ бойынша азық өсімге қатынасының орташа мәні Adj. F:G 16,78, екіншісі - 17,13 болды. Әрбір жеке жануар үшін олардың фенотиптік RFI мәндері мен асыл тұқымды туралы ақпарат негізінде есептелген қалдық азықтық тұтынудың орташа мәні бірінші топ үшін -0,0514, екінші топ үшін -0,0779 болды. Индекс (RFI%Rank бірінші табын үшін – 52%, екінші табын үшін – 42%. DMI EPD жануарлардың құрғақ затты қабылдау индексі бірінші топта -0,0633, екінші топта -0,0877. Орташа мәні. Бірінші топта DMI%RANK – 56%, екінші топта – 49%.