ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ЖАРТЫЛАЙ ШӨЛЕЙТ АЙМАҚТАРЫНДА ТАРАЛҒАН ЭФИР МАЙЛЫ ӨСІМДІКТЕРДІҢ ТАБИҒИ ҚОРЛАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.51Ключевые слова:
дәрілік өсімдіктер, эфирмайлы өсімдіктер, өсімдіктер қауымдастығы, түрдің таралу ареалы, өсімдік түрлері, біржылдық және көпжылдық өсімдіктер, шикізат қорлары, шөлейт аймақтар, өндірістік қор, тиімді пайдалану.Аннотация
Мақалада Түркістан облысының тау алды және жартылай шөлейт аймақтарында өсетін эфирмайлы өсімдіктердің таралуы мен қорлары, оларды тиімді пайдалану, ресурстық ерекшеліктері беріліп, өндірістік мақсатта дайындауға жарамды түрлердің ареалы келтірілген. Эфир майлы өсімдіктер әртүрлі жолдармен анықталды, яғни өсімдіктер түрлерін таңдауда әдеби мәліметтер және өсімдіктердің иістері, халық медицинасында пайдаланылуы ескерілді. Эфир майлы өсімдіктер Күрделігүлділер (Asteraceae Bercht.), Бұршақтар (Fabaceae Lindl.), Ерінгүлділер (Lamiaceae Juss.), Шатыршагүлдер (Apiaceae Juss.), Алаботалар (Chenopodiaceae Vent.), Крестгүлділер (Brassicaceae Burnett.), Қалампырлар (Caryophyllaceae Juss.), Айлаулықтар (Boraginaceae Juss.), Тарандар (Polygonacae Juss.) тұқымдастарында көп кездеседі. Эфир майлы түрлердің саны бойынша Күрделігүлділер алдыңғы орында. Олардың барлығының құрамында эфир майлары бар деп айтуға болады. Сонымен қатар Ерінгүлділер өкілдерінде де эфир майлары көп кездесетіні белгілі болды. Түркістан облысының тау алды және жартылай шөлейт аймақтары флорасындағы эфирмайлы өсімдіктерді зерттеу барысында 39 тұқымдас, 122 туысқа жататын 255 өсімдік түрлері анықталды.