СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ПОЛИВИДТІ АГРОФИТОЦЕНОЗДАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Нугманов А.Б А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Мамихин С.В А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Бугубаева А.У А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Токушева А.С А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Нуржан С М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).969

Ключевые слова:

жайылымдар; агрофитоценоз; азықтық дақылдар; өсімдіктердің тығыздығы; өсімдіктердің биіктігі; өнімділігі; хлорофиллдер.

Аннотация

Бұл мақалада Солтүстік Қазақстан жағдайындағы поливидті агрофитоценоздардың өнімділігін зерттеу барысында алынған мәліметтер қарастырылады. Жайылымдардың өнімділігін арттыру үшін осы аймақтың топырақ-климаттық жағдайларына сәйкес таңдалған дәнді-бұршақты шөп қоспаларын пайдалану бойынша далалық тәжірибелерді жүргізу әдістемесі мен нәтижелері сипатталған. Осы аймақтың 2021 жылғы метеорологиялық жағдайлар келтірілген. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде топырақты агрохимиялық бағалау, көпжылдық шөптердің тығыздығын есепке алу; шабу және өлшеу арқылы шөп қоспасының түрлік құрамы бойынша бөлшектеп және бауларды ауа құрғақ күйіне дейін кептіру жолымен дәнді-бұршақты шөп қоспаларының өнімділігі анықталды. Өсімдіктердің фотосинтетикалық белсенділігі өсімдіктердегі хлорофилл құрамын экспресс әдіспен өлшеу арқылы анықталды: N-tester SPAD 502 Plus Chlorophyll Meter құрылғысы, даладағы жапырақтардағы хлорофилл құрамы бойынша өсімдіктердің азотпен қоректену деңгейін анықтауға арналған.

Загрузки

Опубликован

2022-06-03