ДӘСТҮРЛІ ЖӘНЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ЕГІНШІЛІК ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ТРИТИКАЛЕ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ ТОПЫРАҚТАҒЫ ҚОРЕКТІК ЗАТТАР БАЛАНСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.2(113).950Ключевые слова:
топырақ; азот; фосфор; калий; қоректік заттардың балансы; тынайтқыштар; тритикале.Аннотация
Мақалада дәстүрлі және органикалық егіншілік жағдайында жаздық тритикале (×Triticosecale) өсіру кезінде топырақтағы қоректік заттардың балансын үш жылдық зерттеудің нәтижелері берілген. Баланс әдісінің мәні тыңайтқыштар мен тұқымдардағы азоттың, фосфордың және калийдің мөлшері баланстың кіріс бөлігінде, ал шығыс бөлігінде оларды жинаумен бірге алуы ескерілді. Қоректік заттар балансын қалыптастыруда негізгі рөлді өнім атқарды, ол дәстүрлі егіншілікте тәжірибелік нұсқалар бойынша орташа есеппен 2,54 т/га құрады, аңыз бойынша – 2,01 т/га, органикалық егіншілік жағдайында – 1,7 және 2,3 есе төмен болды. Тритикале дәнінің құрамындағы макроэлементтердің құрамында егіншілік жүйелері, алдынғы дақыл және тәжірибелік нұсқалар арасында айырмашылықтар байқалмады және шамалы ауытқумен азот бойынша – 2,53-2,57%, фосфор бойынша – 0,40-0,43 және калий бойынша – 0,46-0,48% құрады. Дәстүрлі егіншілікте азот балансы тек N60 және N80 нұсқаларында (+13,9 және +53,3 кг/га) оң болды, фосфор балансы барлық нұсқаларда оң болды – +20,4…+22,1 кг/га болды. Калий балансы теріс болды – -20,2…-21,0 кг/га. Органикалық егіншілік жағдайында топырақта макроэлементтердің оң балансы қалыптасты: N үшін – +55,1…+90,4 кг/га, P2O5 үшін – +5,7…+7,0 кг/га, және K2O үшін – +92,8…+133,5 кг /га.