ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ЖАҒДАЙЫНДА ТАБИҒИ ЖАЙЫЛЫМДАРДЫ МАУСЫМДЫҚ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕГІ ӨНІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.18Ключевые слова:
жайылымдар, табиғи шөптер, табиғи аймақтар, тік аймақтылық, топырақтың ылғалдылығы, өнімділігі, жануарлар, тозу, жайылымдық массасы.Аннотация
Нақты аумақта тау бөктеріндегі жайылымдарды маусымдық пайдалану арқылы табиғи жайылымдарды ұтымды пайдалану бойынша зерттеулер кешенді жүргізілді. Геоботаникалық зерттеулер негізінде шаруашылық аумағы өсімдік қауымдастықтарын бөле отырып, оларды пайдалану мерзіміне бөлінген.
Маусымдық пайдалану кезінде жыл мезгілдері бойынша табиғи шөптердің шығымдылығын есепке алу жүргізілді және жайылымдық кезеңде жануарлардың тірі салмағының өсуі анықталды. Жайылымдарды маусымдық пайдалануды қолдану жүйесіз тәсілмен бір жерде жайылатын жануарлармен салыстырғанда зерттелетін жануарлардың тірі салмағының артуын қамтамасыз етеді. Зерттеу 2015-2017 жылдары Жамбыл облысы Қордай ауданы «Батыр» шаруа қожалығының жерінде жүргізілді. Шаруа қожалықтың жайылым жерлері 5 дербес телімнен және 3 географиялық аймақта орналасқан: таубөктерлікшөлейт, таубөктерлік-қуаң дала және таубөктерлік-дала. Шалғайдағы
жайылымның жалпы аумағы 4200 гектарды құрайды.