ӘРТҮРЛІ СЕЛЕКЦИЯЛЫҚ САНАТТАҒЫ КӘДІМГІ ҚАРАҒАЙ ТҰҚЫМДАРЫНА ӨСІМ ЫНТАЛАНДЫРҒЫШТАРЫНЫҢ ӘСЕРІН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Крекова Я.А., PhD Чеботько Н.К., а.-ш. ғ. к.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.28

Ключевые слова:

кәдімгі қарағай, орман селекциясы, тұқымдар, екпе көшеттер, ашық топырақ, шығу тегі, селекциялық санат, өсім ынталандырғышы, шығымдылық, биіктік, өзгергіштік деңгейі.

Аннотация

Мақалада Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында дайындалған әр түрлі селекциялық санаттағы 6 текті кәдімгі қарағай тұқымдарына үш өсім ынталандырғыштарының («Гумат +7», «Байкал» және «Циркон») әсер ету нәтижелері келтірілген. Тәжірибе ашық топырақ жағдайында жүргізілді. Деректерді талдау нәтижесінде тәжірибенің көптеген нұсқаларында тұқымдарды «Цирконда» сулау кезінде дала өнгіштігі көп болғаны анықталды. Қарағайдың 1 жылдық екпе көшеттерін күзгі есепке алу нәтижесінде, егіс маусымында екпе көшеттер санының азаюына немесе ұлғаюына қарамастан,
есептік бөлікте селекциялық-құнды және сапаның 1 класындағы тұқымдар көп кездесетіндігі анықталды. Сеппе көшеттердің ең жоғары биіктігі «Циркон» қолданылған шығу тегі «РОСТО» САФ клондық мұрағаты болып табылатын екпе көшеттерде болды - 5,91±0,25 см. Сондай-ақ, биіктік бойынша бақылаудан жоғары болу «Циркон» және «Гумат +7» қолданылған тәжірибенің басқа нұсқаларында да анықталды. Бақылауда ең біртекті биіктік көрсеткіштері (орташа биіктігі: 4,71±0,22 см, СV = 26,80, %) КОТО клондар мұрағатынан шыққан екпе көшеттерде болды. Бақылау нұсқаларында екпе көшеттердің биіктігіне тұқым санаты әсер еткендігі дисперсиялық талдау нәтижелерімен расталды

Загрузки

Опубликован

2021-05-19