ШАРУА ҚОЖАЛЫҚТАРЫНДА DЕLAVAL САУЫН РОБОТТАРЫН ҚОЛДАНУ ТИІМДІЛІГІ

Авторы

  • Сыдыкова А.Р С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Шайкенова К.Х С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).939

Ключевые слова:

сиыр, сүт өнімділігі, сүт майлылығы, тірілей салмағы, тұқым, сауын аппараты, сауын роботтары.

Аннотация

Мақалада базалық шаруашылықта автоматтандырылған сауу жүйелерін қолдану бойынша зерттеу нәтижелері көрсетілген. Сиырлардың сүт өнімділігі көптеген факторларға байланысты болып келеді: азықтандыру, күтіп-бағу шарттары, фермада жануарларды пайдалану, сондай-ақ сиырларды сауу әдістері. Дұрыс таңдалған сауу әдісі сүттің белсенді жеткізілуін қамтамасыз етіп, сүт өндірісі үшін оңтайлы жағдайлар жасайды. Қазіргі уақытта "Бердинова А" шаруа қожалығында қолданылатын автоматтандырылған платформалардың көмегімен, сауу жүйелері машинамен сауудың инновациялық әдістерін, ветеринариялық-гигиеналық талаптарды, сондай-ақ сауу процесінің ерекше тәсілдерін өзіне біріктіп отыр. Шаруа қожалығының базасындағы зерттеулер барысында Сorner Machinery ALMM 11 жылжымалы сауын аппараттары мен VMS DeLaval роботтарының көмегімен, симментал тұқымды сиырлардың сүтін сауудың тиімділігін салыстыру барысында, роботпен сауу кезінде, сауын аппараттарын пайдаланумен салыстырғанда сүт өнімділігінің 4,1% артуы, сондай-ақ сүт сапасының көрсеткіштерінің жақсаруы байқалды.

.

Загрузки

Опубликован

2022-03-05