ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ШАҒЫН ФОРМАЛАРЫН АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КООПЕРАТИВТЕРІНЕ БІРІКТІРУ ЖОЛДАРЫ

Авторы

  • Айтуганов К.К С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Курманова Г.К С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Кульмаганбетова А.С С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Жанбусинова М.Х С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Даниярова М.Т С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Кенжегалиев Е.М С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).934

Ключевые слова:

жеке қосалқы шаруашылық; шаруа (фермер) қожалығы; Ауыл шаруашылығы өнімі; азық-түлік қауіпсіздігі; ауыл шаруашылығы кооперативтері; мемлекеттік қолдау; ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және өткізу

Аннотация

Шаруашылық жүргізудің шағын нысандарын кооперативтерге біріктіру мәселесі бүгінгі күні аса өзекті болып табылады, өйткені ол республиканың азық-түлік қауіпсіздігінде маңызды рөл атқарады. Ғылыми зерттеудің мәні жеке қосалқы шаруашылықтар мен шаруа қожалықтарын кооперативтерге біріктірудің жолдарын іздеу болып табылады. Бұл жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы кооперативтерге біріктіру туралы шешім қабылдау тұрғысынан шағын бизнес формаларына ақпараттық-кеңестік көмек көрсету, фермаларды ұлғайтудың жағымды жақтарын көру болып табылады. Кооперация туралы пікірлерін анықтау үшін Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Түркістан облыстары бөлінісінде ЖҚШ және ШФҚ сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижелері ұсақ ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ірі ауыл шаруашылығы тауарларымен кооперациясы мен интеграциясы мәселесі ашық күйінде қалып отырғанын көрсетті, өйткені олар біріктіруге әлі дайын емес. Сонымен бірге, олардың кейбір бөлігінің қазіргі уақытта 2-3 шаруашылық арасындағы кооперация тәжірибесі бар, бірақ шарттарды ресімдеусіз, тек ауызша нысанда (негізінен техника, қайта өңдеу, ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу және т.б.).

Загрузки

Опубликован

2022-03-05