«БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ» ҒЗО-да КЛАРИЙ ЖАЙЫНЫН ТАУАРЛЫҚ МАССАҒА ДЕЙІН ӨСІРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.17Ключевые слова:
кларий жайыны, өсіру, гидрохимия, тұйық жүйелі сумен жабдықтау, тауарлық масса, шабақ, өсу жылдамдығыАннотация
Бұл мақалада кларий жайынын "Балық шаруашылығы" ҒЗО-да тауарлық массаға дейін өсіру нәтижелері келтірілген. Зерттеу тұйық жүйелі сумен жабдықтау жағдайында кларий жайынының отырғызу материалын өсірудің технологиялық тәсілдерін жетілдіру және өңдеу бойынша жүргізілді. Тұйық жүйелі сумен жабдықтаудың екі қондырғысы қайта жаңартылды, сондай-ақ балық өсіру бассейндеріндегі суға гидрохимиялық талдау жасалды. Зерттеу
нәтижелері кларий жайынының шабақтарын ұстау және өсіру жағдайы ұсынылған нормативтерге сәйкес келетінін көрсетеді. Сонымен қатар, кларий жайынын тауарлық массаға дейін өсірудің биотехникалық тәсілдері өңделді. Жүргізілген зерттеулердің нәтижелері бойынша клариий жайынын тауарлық
массаға дейін ұстау және өсіру бойынша нормативтер ұсынылды. Отандық өндірістің мамандандырылған бастапқы құрама жемдерін қолдану тиімділігі
және олардың кларий жайынының балық өсіру-биологиялық көрсеткіштеріне әсері анықталды.