ТАБЫНДЫ ЖЫЛҚЫ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДА ӘР ТҮРЛІ ГЕНОТИПТЕГІ БИЕЛЕРДІҢ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ

Авторы

  • Шарапатов Т.С С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Асанбаев Т.Ш Торайғыров унииверситеті
  • Шауенов С.К
  • Ибраева А.К Торайғыров университеті
  • Смаил А.С Торайғыров университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).927

Ключевые слова:

қазақы жәбе типті жылқы тұқымы; новоалтай х қазақы будан биелері; бие сүттілігі; желін өлшемдері; сүттің химиялық құрамы; генотип; жылқыларды табында ұстау.

Аннотация

Мақалада қазақы жылқы тұқымының жәбе типті биелерінің және новоалтай мен қазақы жылқы тұқымының I-ұрпақ буданының сүт өнімділігі, сондай-ақ табында ұстау жағдайындағы олардың зоотехникалық сипаттамасы ғылыми зерттеу нәтижелерінің негізінде келтірілген. Лактацияның 2-3-ші айлары бойынша нақты саууды зерттеу нәтижелері новоалтай мен қазақы жылқы тұқымының I-ұрпақ будан биелері, жабе типті қазақы биелерінің көрсеткіштеріне қарағанда орта есеппен 41-42,5%-ға артқы сүт бергені анықталды. Ақуыз бен майдың массалық үлесінің көрсеткіштері бірдей болған жоқ, мысалы, жабе типті қазақы тұқымды биелерде ақуыз құрамы орта есеппен новоалтай мен қазақы жылқы тұқымының I-ұрпақ будандарынан 0,07%-ға, майдан 0,05%-ға артық болды. Желін және емізік өлшемдері бойынша будан биелерінің көрсеткіштері таза тұқымды қазақы жәбе типті биелерінен асып түсті.

Загрузки

Опубликован

2022-03-11