ИМПОРТТАЛҒАН ГОЛШТИН ТҰҚЫМ СИЫРЛАРЫНЫҢ СҮТ ӨНІМІДІЛІГІ ЖӘНЕ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

Авторы

  • Сәкен А.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Шайкенова К.Х С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).923

Ключевые слова:

сүт өнімділігі; сүт майлылығы; сүт ақуызы; сүттілік коэффициенті; гематологиялық көрсеткіштер; гемоглабин; эритроцит.

Аннотация

Ұсынылған мақалада «Камышенка» ЖШС сүтті-тауарлы фермасындағы импортталған және жергілікті голштин тұқымды сиырлардың сүт өнімділігі мен гематологиялық көрсеткіштерінің зерттеу нәтижелері келтірілген. Алынған мәліметтер импортталған сиырлардың өнімділігі жергілікті сиырларға қарағанда жоғары екенін көрсетті. Сонымен қатар, сауын сиырлар сүтінің майлылығы, ақуызы бойынша химиялық құрамына зерттеулер жүргізілді. Зерттеу нәтижелері импортталған сиырлардың бейімделуі сәтті екенін көрсетеді. Сонымен қатар, импортталған және жергілікті сиырлар қанының гематологиялық құрамын зерттеу нәтижелері келтірілген. Қандағы формальды элементтердің саны физиологиялық нормалардың шегінде болды. Мәселен, импортталған голштин тұқым сиырларының қанындағы эритроциттердің көлемі жергілікті голштин тұқымды сиырларға қарағанда 12,6%-ға жоғары, ал лейкоциттердің, лимфоциттердің саны норманың жоғары шегінде болды және жергілікті сиырлардың лейкоциттері мен лимфоциттерінің санынан сәйкесінше 24,4% және 10% асып түсті, бұл жануарлар ағзасында иммундық қорғаныстың белсендірілуін көрсетеді.

Биография автора

Шайкенова К.Х, С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент

Загрузки

Опубликован

2022-03-05