ТАРЫ ГЕНОТИПТЕРІН СУЫҚҚА ТӨЗІМДІЛІГІН ЗЕРТХАНАЛЫҚ ӘДІСТЕР ҚОЛДАНА ОТЫРЫП ТАЛДАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).913Ключевые слова:
тары; гермоплазма; генотип; суыққа төзімділік; скрининг; онтогенез; биологиялық температуралардың жиынтығы.Аннотация
Зертханалық жағдайда С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің базасында тары дақылының жұмыс коллекциясы үлгілерінің зертханалық өнуіне төмен температураның әсеріне талдау жасалды. Төмен температураға төзімділікті зерттеу нәтижесінде осы белгі бойынша зерттелген генотиптердің әр түрлі реакциясы байқалды. Сонымен, оң төмен температура +100С кезінде екі генотип бөлінді, ал +50С кезінде ең жоғары көрсеткіштер ВИР коллекциясынан 4 генотип, USDA коллекциясының 1 үлгісі және 3 отандық сорттарында байқалды. Температуралық суықпен өңдеу өскіндердің ұзындығына әсерін зерттеу барысында тәжірибелік нұсқаларда бұл көрсеткіш +10 0С кезінде орта есеппен 0,25 см болатыны, ал күштірек + 50С төмен температура кезінде 0,19 см-ге дейін төмендейтіні анықталды, ал 25°С бақылау нұсқасында өскіндердің орташа ұзындығы 5,59 см болды. Зертханалық әдіспен суыққа төзімділікті бастапқы бағалау, атап айтқанда, тары өскіндерін суықпен өңдеу режимінде селекциялық мақсаттағы бағалы сорттар мен үлгілерді іріктеуге мүмкіндік берді.