НҰР-СҰЛТАН ҚАЛАСЫНЫҢ ЖАСЫЛ АЙМАҒЫНДАҒЫ ULMUS PUMILA ЕКПЕЛЕРІНІҢ ДОМИНАНТТЫ ФИЛЛОФАГТАРЫ

Авторы

  • Вибе Е.П Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты
  • Панкратова К.А Казахский научно-исследовательский институт лесного хозяйства и агролесомелиорации имени А.Н. Букейхана
  • Қуанышбаев Н.Қ «Нұр-Сұлтан ботаникалық бағы» «Ботаника және фитоинтродукция институты»
  • Қапар Б.Қ С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).905

Ключевые слова:

жасыл аймақ, қарағаш, филофагтар, түр құрамы, ошақ, қауіп.

Аннотация

Нұр-Сұлтан қаласының жасыл аймағындағы жасанды екпелер қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және Қазақстан астанасының тұрғындары үшін тартымды демалыс аймақтарын құру үшін үлкен экологиялық маңызға ие. Жасыл аймақта филофагты жәндіктердің әртүрлі түрлерінің жаппай көбею ошақтарының кезеңді түрде пайда болуына байланысты, олардың түр құрамын нақтылау және екпелерге қауіптілігін бағалау қажет болды.Бұл мақалада Ulmus pumila түрінің жапырақ жегіш доминантты жәндіктері туралы мәліметтерді талдау нәтижелері берілген. Зерттеулер орман патологиясы мен энтомологиясында жалпы қабылданған әдістерге сәйкес жүргізілді. Жаппай көбеюдің күшті ошақтарын беретін және екпелердің едәуір әлсіреуіне әкелетін қауіпті түрлер – Erannis defoliaria, Lycia hirtaria. Шабуылы ұзақ уақыт бойы байқалмаған, бірақ екпелерге үлкен қауіп төндіретін түрлер – Exaereta ulmi және Arge captiva. Orchestes steppensis – екпелерге шешуші әсер етпейтін, алайда әлсіреуіне және эстетикалық қасиеттердің жоғалуына әкелетін жаппай түр.

Загрузки

Опубликован

2022-03-05