ТОҚЫРАУЫН ӨЗЕНІНДЕГІ БАЛҚАШ ҚАРА БАЛЫҒЫНЫҢ SCHIZOTHORAX ARGENTATUS МОРФОБИОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ

Авторы

  • Исбеков К.Б «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Нургазы К.Ш Қазақ Ұлттық Аграрлық Зерттеу Университеті
  • Амирбекова Ф.Т Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Гомулка П Вармия-Мазур университеті
  • Сатбек А.Т С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).893

Ключевые слова:

балқаш қара-балық, Тоқырауын өзені, биология, морфология, түр, эндемик, асимметрия.

Аннотация

Никольский Г.В. (1980) бойынша қара балық (Schizothorax Heckel, 1838), көкбас балық және таулы-көкбас балықтары бірігіп, айырқұрсақты тұқылар (Schizothoracini) тұқымдас тармағын құрайды. Аталған балықтар таулы-азиялық тұщы су фаунистикалық кешеніне жатады. Балқаш бассейніне сазан балығын жерсіндіргенге дейін, балқаш қара балығы Балқаш көлінде және оған құятын өзендерде жиі кездесетін фондық түр болып саналатын. Бұл балықтарды өндірісте кептірілген түрде көп пайдаланылған. Қазіргі уақытта балқаш қара балығының Schizothorax argentatus (Kessler) популяциясының саны күрт азайған. Кәсіптік маңыздылығын жоғалтқан түр. Осыған байланысты Халықаралық табиғатты қорғау одағының (IUCN) қауіпті түрлерінің Қызыл кітабына енгізілген балқаш қара балығы «осал» (VU) санатты эндемиктік түр болып табылады. Бұл жұмыста Тоқырауын өзенінен (Балқаш бассейні) ауланған қара балықтың морфологиялық және биологиялық сипаттамасы мен қазіргі жағдайына баға берілді. Морфобиологиялық көрсеткіштердің талдау нәтижелері ұсынылды. Қара балықтың сыртқы көрінісі сипатталды

Загрузки

Опубликован

2022-02-21