МЫСЫҚТАРДА ЗӘР ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫ АУРУЛАРЫНЫҢ ТАРАЛУЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).888Ключевые слова:
мысықтар; зәр шығару жолдарының аурулары; цистит; инфекция; уролитиаз; уретральды тығындар; странгурия.Аннотация
Мақалада Нұр-Сұлтан қаласындағы (Қазақстан Республикасы) Византия ветеринарлық клиникасында ауырсыну және уремиялық синдромдармен ауыратын 84 мысықтың зәр шығару жолдары ауруларының ретроспективті талдауы берілген. Зерттеу клиникалық, биохимиялық және арнайы зерттеу әдістеріне негізделген мысықтардың жасына, тұқымына және жынысына байланысты патологияның таралуына бағытталған. Зәр шығару жолдары ауруларының арақатынасы: мысықтардың идиопатиялық циститі (МИЦ; 28,6%), зәр шығару жолдарының инфекциясы (ЗЖИ; 30,9%), уролитиаз (16,7%), уретральды тығындар (УТ; 21,4%) және неоплазия (2,4%). Клиникалық симптомдарды бағалау кезінде поллакиурия (47,6%), странгурия (42,8%), гематурия (57,1%) анықталды; инфекциялар мен циститте жетекші симптом гематурия (83,3%), уролитиаз ауруында - странгурия 85,7%. Уролитиаз кезінде ауру мысықтардың орташа жасы 4,1 жасты құрады, бұл цистит диагнозы қойылған мысықтардың жасынан айтарлықтай жоғары (P<0,05). Британдық тұқымды мысықтарда ЗЖИ және МИЦ аурулары бірдей санында тіркелді және барлығы 57,2% құрады; УТ - 17,9%, уролитиаз - 21,4% кездеседі. Асыл тұқымды емес мысықтарда инфекциялар 46,9%, цистит 31,3%, уретральды тығындар 6,3% және уролиаз 15,6% деңгейінде тіркелді. Еркек мысықтарда, әйел өкілдеріне қарағанда зәр шығару жолдарының аурулары 73,8%-ға жиі кездеседі. Несеп тас ауруы бар ауру мысықтардың 92,6% уролиттер табылды; струвиттердің мөлшері оксалаттарға қарағанда біршама жоғары болды (тиісінше 53,7% және 46,3%).