ТҰЙЫҚ ЖҮЙЕЛІ СУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛГЕН ҚОНДЫРҒЫЛАРДА БАЛҚАШ ҚАРА - БАЛЫҒЫН (SCHIZOTHORAX ARGENTATUS) ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).882Ключевые слова:
жасанды жолмен өсіру, балқаш қара балығы, гипофизарлық инъекция, инкубация, кезең, Вейс, ТЖҚ.Аннотация
Мақалада тұйық жүйелі сумен қамтамасыз етілген қондырғыларда балқаш қара балығын қолдан жасанды түрде өсіруге болатындығын көрсетті. Жасанды ұрықтандырудың қолданылған технологиясы жоғары нәтиже берді, ұрықтандырылған уылдырықтың тірі қалуы 80%-ды құрады. Уылдырық шашуға жоғары дайындығы бар аналықтар үшін екі реттік гипофиздік инъекция схемасын қолдануға болады. Уылдырық шашуға орташа дайындығы бар аналықтар үшін (біздің жағдайымызда) үш реттік инъекция қолданылды, бірінші және екінші дозалар арасындағы интервал 12 сағатты құрады, ал екінші және үшінші дозалар арасында 24 сағаттан 36 сағат аралықтарын құрады. Бесінші күні эмбриондарды қапшықтан шыға бастады, судың температурасы 18,7–18,8°С және ерітілген оттегінің мөлшері 8,3–8,7 мг/дм3 (97-100% қанықтыру) кезінде басталды. Балқаш қара балығының дернәсілдерінің даму кезеңі 7-8 тәулікте басталды. Сыртқы қоректенуге көшу кезінде артемия шаян тәрізділердің декапсулаланған жұмыртқалары жем ретінде пайдаланылды.