ҚАЗАҚСТАН ЕТТІ-МАЙЛЫ ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӨСУ ГОРМОНЫ (GH2) ЖӘНЕ ИНСУЛИН ТӘРІЗДЕС ӨСУ ФАКТОРЫ (IGF-1) ГЕНДЕРІ БОЙЫНША ДНҚ-МАРКЕРЛЕРІНІҢ ПОЛИМОРФИЗМІ

Авторы

  • Н.Б.Мұханов, а-ш.ғ.к.,доцент Ю.А.Юлдашбаев , а-ш.ғ.д.,профессор Б.Б.Траисов,а-ш.ғ.д.,профессор Р.І.Құдияров, а-ш.ғ.к.,доцент Н.Ж.Кожамуратов ,э.ғ.к. О.С.Сұлтанов , а-ш.ғ.к.,доцент

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i2.42

Ключевые слова:

ҚАЗАҚСТАН ЕТТІ-МАЙЛЫ ҚОЙ ТҰҚЫМДАРЫНЫҢ ӨСУ ГОРМОНЫ (GH2) ЖӘНЕ ИНСУЛИН ТӘРІЗДЕС ӨСУ ФАКТОРЫ (IGF-1) ГЕНДЕРІ БОЙЫНША ДНҚ-МАРКЕРЛЕРІНІҢ ПОЛИМОРФИЗМІ

Аннотация

Соңғы жылдары мал шаруашылығында ауыл шаруашылығы малдарының өнімділік белгілерімен байланысқан молекулалық-генетикалық маркерлерді ізеп-анықтауға бағытталған зерттеулердің өзектілігі арта түсуде. Селекциялық тұрғыда оңтайлы саналатын мұндай гендерді анықтау мал сұрыптаудың дәстүрлі тәсіліне қосымша оларды ДНҚ-технологиялар негізінде, яғни генотип бойынша іріктеуге мүмкіндік береді. Бұл мақалада Қазақстандағы етті-майлы қой тұқымдарының өсу (GH2) және инсулин тәріздес өсу факторы (IGF1) гендері бойынша ДНҚ-маркерлерінің полиморфизмін зерттеу нәтижелері келтірілген. Бұл гендер қойлардың шаруашылық-пайдалы белгілерімен (ет ұлпасының өсуі, өсу жылдамдығы, ет жұмсақтығы, ұша сапасы, ұлпалардағы май жиналуы) байланысқан кандидат-гендер болып табылады. Қазақтың құйрықты қойларының генетикалық құрылымын GH2 гені полиморфизмі мәліметтері бойынша зерттеу оларда AA, AG және GG генотиптерінің бар
екендігін көрсетті. Тестілеу нәтижесінде зерттеліп отырған қой популяциясында GH2 гені полиморфты екендігі белгілі болды. Ең жоғары жиілікте G аллелі кездесті. Ол гомозиготалы жағдайда қойлардың 51,4% кездессе, гетерозиготалы жағдайда қойлардың 40,7% кездесті. Еділбай тұқымы қойларының қанын тестілеу олардың барлығы GG генотипіне ие, яғни
мономорфты екендігін көрсетті. Талдау нәтижесінде қазақтың құйрықты қойлары популяциясында IGF1 гені бойынша СС генотипі басым болды (70,9%). Еділбай тұқымы қойлары популяциясында IGF1 генінің аллелдік түрлерін бағалау кезінде екі - СС және СТ генотиптері анықталды. Бұл қой популяциясында СС генотипі басым болды – 56,7%

Загрузки

Опубликован

2021-05-19