БАЛҚАШ-АЛАКӨЛ БАССЕЙІНІНДЕ КЕЗДЕСЕТІН БӨГДЕ (ӨЛКЕГЕ ЖАТ) БАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Авторы

  • Аблайсанова Г.М ЖШС «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы
  • Исбеков К.Б «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Баракбаев Т.Т «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Сансызбаев Е.Т «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС
  • Макамбетов С. Ж «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).877

Ключевые слова:

Балқаш-Алакөл бассейн; биоалуантүрлілік; инвазия; ихтиофауна; кездейсоқ енген; суқойма; бөгде түр

Аннотация

Мақалада Балқаш-Алакөл бассейінінде кездесетін бөгде түрлер жайлы жазылған. Оның ішінде пелядь, тиляпия, қара амур тыраны, жыланбасбалық, сегізмұртты талма балық (лефуа) келтірілген. Аталған балықтардың ішінде төрт түр (пелядь, тиляпия, қара амур тыраны, жыланбасбалық) Іле өзені мен Қапшағай суқоймасында кездессе, бір түр (сегізмұртты талма балық) Алакөл көліне құятын Еміл өзенінен ұсталған. Бөгде түрге жататын балықтар көршілес Қытай Халық Республикасынан акклиматизациялық жұмыстар нәтижесінде енген деген тұжырым бар. Сегізмұртты талма балықтан басқасы кәсіптік маңызы бар балыққа жатады. Ресейде қара амур тыраны шектен тыс ауланғандықтан саны азайып Ресейдің Қызыл Кітабына енген. Бөгде (өлкеге жат) түрлердің инвазиялары қазіргі кезде табиғи экожүйенің қайта құрылуының басты факторлары ретінде белгілі. Қазақстан аумағына бөтен текті түрлердің биологиялық инвазияларының проблемасы елдің экологиялық ғана емес, одан әрі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңызды аспектісі.    

Биография автора

Макамбетов С. Ж, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС

 

 

Загрузки

Опубликован

2022-03-04