ҚАЗАҚСТАННЫҢ ОҢТҮСТІГІНДЕ КҮЗДІК БИДАЙДЫ ТІКЕЛЕЙ СЕБУ КЕЗІНДЕ ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ТҮРЛІ МӨЛШЕРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӨНІМДІЛІККЕ ӘСЕРІ

Авторы

  • Туребаева С.Д Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Сыдық Д.А "Оңтүстік-батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты" ЖШС
  • Жаппарова А.А Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).861

Ключевые слова:

күздік бидай; тікелей себу; «нөлдік» технология; тыңайтқыш; үстеп көректендіру; өсіріп-өндіру; өнімділік.

Аннотация

Мақалада Қазақстанның оңтүстігінде күздік бидайды тікелей себу кезінде түрлі тыңайту мөлшерлерінің дақылдың өсіп-өнуі мен өнімділігін қалыптастыруына әсерін анықтау бойынша жүргізілген зерттеу нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары 2018-2021 жылдар аралығында Оңтүстік-Батыс мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының егістік стационары мен зертханаларында орындалған. Зерттеулерде Қазақстанның егіншілік саласындағы зерттеулерде қолданылатын жаппай қабылданған әдістемелер негізінде, зерттеулерде бақылауды қоса алғанда тыңайтудың 8 нұсқасы қолданылған. Зерттеу нәтижелері тікелей себумен өсіру кезінде тыңайтқыштарды қолданудың өсімдіктердің өсіп-өнуі мен өнімділігін қалыптастыруына оң әсер ететіндігін, тыңайтқыштарды пайдаланудың күздік бидай өнімділігін бақылау нұсқасымен салыстырғанда 4,5 ц/га-ден 24,1 ц/га дейін арттыратындығын көрсеткен. Ең жоғарғы өнімділік азотты-фосфорлы тыңайтқыштардың P45N70 нормасы енгізілген нұсқада, зерттеу жылдарына орташа алғанда 36,3 ц/га мөлшерінде қалыптасқан.

Загрузки

Опубликован

2022-03-04