КӨПЖЫЛҒЫ ЕСКЕРГЕН ЕРКЕКШӨП ЕГІСТІКТЕРІН ЖАҚСАРТУ (ЖАСАРТУ) ҮШІН ӘРТҮРЛІ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ ӘДІСТЕРДІ САЛЫСТЫРМАЛЫ БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).857Ключевые слова:
еркекшөп (Agropyron); жайылымдардың деградациясы; жасарту; өнімділік; еркекшөптің ескерген егістіктері; үстіртің жақсарту; шабындық шөп өңдеуАннотация
Көптеген ғалымдар ескі көпжылдық шөп алқаптарын жасартуды, топырақтың беткі шымданған қабатын үстіртін қарқынды қопсыту арқылы жүргізген, бірақ жақсартудың стандартты әдістері біздің құрғақ, желге төзімсіз әлсіз топырақ жағдайларымызға қолайсыз болғандықтан, біз келесіндей жақсарту, жаңарту әдістеріне зерттеу жүргізудеміз, яғни ескі еркекшөп алқаптарын тісті тырмалармен өңдеу (Зиг-Заг), инелі тырмалармен өңдеу (БИГ-3), дискілі қопсытқыштар (ЛДГ-10), ауыр дискілі тырмалармен өңдеу (БД-5) және жоғары жылдамдықты дискілі қопсытқышпен өңдеу сияқты. Біздің практикалық мақсатымыз ауыр дискілерді пайдаланып ескі еркекшөп тамырларын тігінен кесіп тастау болды, осылайша еркекшөптің аналық тамырлардың өсуіне жақсы жағдай жасау және топырақты қопсыту арқылы ауа аэрациясын оңтайландыру болып табылады. Өңдеудің барлық түрлерінің ішінде дискатормен өңдейтін нұсқадағы өсімдіктер (жоғары жылдамдықты қопсытқыш) ең жоғары биіктікке ие болды - 24 см, бұл бақылаудан 3 см артық, өсімдік биіктігіне теріс әсер тістері бар нұсқада байқалды (11 см). Жақсартудан кейін еркекшөптің жиілік тығыздығы барлық нұсқалары үшін төмендеді, әсіресе дискатормен (жоғары жылдамдықты қопсытқыш) қопсыту кезінде 51,5 % және инелі тырмалармен 48,6 %. Ескі өскіндердің жойылуына, сондай-ақ жаңа өркендердің пайда болуына, аэрацияның жақсаруына және қоректену алаңының ұлғаюына байланысты барлық өңделген учаскелерде еркекшөптің құрғақ массасының (шөбінің) шығымдылығы өсті, тек тісті тырмамен өңдеу нұсқаны қоспағанда,яғни тісті тырмамен өңдеу бақылаумен салыстырғанда 0,5 ц/га төмендеген. Еркекшөбінің құрғақ массасының шығымдылығы бақылаумен салыстырғанда , жоғары жылдамдықты қопсытқыш дискатормен өңдейтін нұсқада 3,3 ц/га-ға, инелі тырмалармен - 1,2 ц/га-ға, дискілі тырмалармен өңдеу - 0,9 ц/га-ға және дискілі сыдыражыртқышпен - 0,4 ц/га артты. Өңдеудің ең жақсы нұсқасы жоғары жылдамдықты қопсытқыш дискатормен өңдеу болды, белгілі бір бұрышпен сфералық дискілердің екі қатарлы орналасуына, сондай-ақ дискілердің жоғары жылдамдықты қозғалысына байланысты еркекшөбі клондарының тығыздалған бұталары бөлек бөліктерге жақсы бөлінеді, әсіресе былтырғы өркендері. Біздің байқауымызша, ескерген көпжылдық еркекшөп алқаптарын жақсартудың ең нашар жолы - тісті тырмамен өңдеу, өйткені тырмалардың ауыр дискілері өздерінің сфералық пішініне байланысты ескі сабақтарды бұзып қана қоймайды, сонымен қатар жұлып, кесіп тастайды, еркекшөп тамыр жүйесі топырақ бетіне шығып қалады, ал топырақ беті қатты құрғайтындықтан, кеуіп қалады.