СИЫРЛАРДА ЭМБРИОНАЛДЫҚ ӨЛІМДІКТІҢ ТАРАЛУЫ, БАЛАУЫ ЖӘНЕ АЛДЫН АЛУ

Авторы

  • Бағдат А.Б Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті
  • Усенбеков Е.С Қазақ Ұлттық аграрлық зерттеу университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).849

Ключевые слова:

эмбрионалдық өлімдік; сиырлардағы буаздық; ИФТ әдісі; PAG; прогестерон; сурфагон.

Аннотация

Авторлар сиырларда ерте мерзімде  буаздықты анықтауға зертханалық  ИФТ «Bovine Pregnancy Test Kit» коммерциялық жиынтығынның көмегімен  ELx808 (микропланшетті ридер) маркалы иммунноферменттік  анализаторды пайдалана отырып қолдан ұрықтандырғаннан кейін 26 тәуліктен бастап қан сары суында  pregnancy-associated glycoproteins (PAG) ақзатын өлшеу  арқылы балау жасау  мүмкіндігін көрсеткен.  «Медеу Коммерц» сүт фермасында эмбрионалдық өлімдіктің таралуы  22,22% құрады. Анықталғаны,  26-35 тәулік арасында ИФТ әдісімен және 60-65 тәулік аралығында ректалдық әдіспен балау жасау, сиырларда эмбрионалдық өлімдікті балаудың тиімді тәсілі болып табылады. Өндіріс жағдайында сиырларда эмбрионалдық өлімдіктің алдын алуға, қолдан ұрықтандырғаннан кейін 5 тәулікте, 7 тәулікте бұлшық етке прогестерон гормонының 2,5% майлы ерітіндісін 10,0 мл мөлшерінде пайдалану оң нәтиже береді, бұл әдіс эмбрионалдық өлімдікті   8,24% төмендетеді.

Загрузки

Опубликован

2022-03-04