СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА ЖАЗДЫҚ ЖҰМСАҚ БИДАЙ СОРТТАРЫНЫҢ ИКЕМДІЛІГІ

Авторы

  • Кипшакбаева Г.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Амантаев Б.О С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Тлеулина З.Т С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Кипшакбаева А.А С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Турбекова А.С С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2022.1(112).848

Ключевые слова:

жаздық жұмсақ бидай; сорт; икемділік; ақуыз; тұзға өнімділік; өнімділік.

Аннотация

Мақалада «С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» КЕАҚ Ғылыми-эксперименттік кампусы жағдайында жаздық жұмсақ бидай сорттарын бағалау нәтижелері ұсынылған. Зерттеулер нәтижесінде дақыл өнімінің құрылымдық элементтер кешенінің жоғары көрсеткіштеріне ие жаздық бидайдың сорттары анықталды. Зерттеу жылдарында зерттелген сорттар орташа есеппен 18,9-25,8 ц/га өнімділік көрсетті, астық өнімділігі бойынша сорттар арасындағы ауытқу 1,7-ден 6,8 ц/га құрады. Зерттеуге алынған материалдардың дән құрамындағы ақуыз мөлшері 18,44-22,8% аралығында болды. Ақуыздың жоғары мөлшері бойынша Айна мен Асыл сапа сорттары ерекшеленді, Астана сортымен салыстырғанда бұл сорттарда ақуыз мөлшері  0,8-1,21% - ға жоғары болды. Селекция үшін келесі сорттар үлкен қызығушылық тудырады: Астана, Тәуелсіздік 20, Таймас, Карабалыкская 70, Карагандинская 22, ХN-08, ХN-10, ХN-11, Карагандинская 31, Карагандинская 60, Шортандинская 2012, Карагандинская 30, Айна және Августина.

Загрузки

Опубликован

2022-03-04