БИДАЙ ТҰҚЫМЫН САҚТАУ КЕЗІНДЕ БИОЛОГИЯЛАНДЫРУ ЖОЛЫ АРҚЫЛЫ ФИТОПАТОГЕНДЕРДЕН ҚОРҒАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.4(111).817Ключевые слова:
тұқымның саңырауқұлақ және бактериялық аурулары, бидай, қоздырғыш, тиімділік, зақымдану, биологиялық препараттар, тұқым сақтау.Аннотация
Мақалада биологиялық препараттардың (B. subtilis BZR 336g, B. subtilis BZR 517) тұқымның тоғыз ай көлемінде сақталған жағдайда саңырауқұлақ және бактериялық ауруларына қарсы өмір сүру деңгейі мен тиімділігі туралы фитопатологиялық әдіспен зертханалық зерттеулер жүргізген деректер келтірілген. Жыл сайын сақтау кезеңінде ондаған миллион тонна астық пен тұқым аурулар мен зиянкестердің әсерінен жоғалады. Осыған байланысты зерттеу тақырыбының өзектілігі, биологиялық препарат өнімдерді қолдану (B. subtilis BZR 336g, B. subtilis BZR 517) өндірістегі пестицидтік жүктемені азайтады, өйткені химиялық заттар қоршаған ортаны ластайды және бидай тұқымдарында улы қалдықтар қалдырады. Жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, биологиялық препарат өнімдердің, тұқымдарды тоғыз ай сақтау кезеңіндегі жағдайда, тұқымның бактериялық ауруларынан 100%-ға, саңырауқұлақ ауруларынан 71,4%-дан 95,2%-ға дейін қорғайтыны анықталды. Ауыл шаруашылығында тұқымды сақтау кезінде бактериялық және саңырауқұлақ ауруларымен зақымдануын, оларға тек биологиялық препараттармен әсер ету арқылы шешуге болады.