ВАКУУМДАЛҒАН ЖҰМСАҚ КОНТЕЙНЕРЛЕРДЕ СҮРЛЕМДІ ДАЯРЛАУ ЖӘНЕ САҚТАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АНЫҚТАУ

Авторы

  • Сагындыкова Ж.Б. «Ғұмарбек Даукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті»
  • Бердімұрат А.Д. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Хазимов К.М. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Ниязбаев А.К. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Хазимов М.Ж. «Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.4(111).780

Ключевые слова:

сүрлем, энергия шығындары, шөп шабу, нығыздау, вакуумдау, жұмсақ контейнерлер, траншея.

Аннотация

Бұл мақалада ұсынылып отырған технология бойынша сүрлемді вакуумдалған жұмсақ контейнерлерде даярлау және сақтау кезінде меншікті энергия шығындары айқындалды, сондай-ақ дәстүрлі технологиямен (траншеяларда) салыстырмалы талдау жүргізілді. Ол үшін жасыл массаны сүрлемге шабудан бастап, тығыздалған күйде сақтауға дейін әр процесті жүзеге асыратын агрегаттар (ауылшаруашылық машиналары) зерттелді. Технологияға кіретін әрбір операция үшін технологиялық карта жасалды, онда жалпы және нақты энергия шығындары анықталды және деректер бойынша салыстырмалы кесте алынды. Зерттеудің құндылығы-сүрлемді дайындау мен сақтаудың екі технологиясы бойынша энергия шығынын анықтау және ақшалай шығындарды үнемдеуді ұсынады. Бұл траншеяларда, яғни дәстүрлі жағдайда сүрлемді даярлау мен сақтау кезіндегі энергияның негізгі шығындарын қажет ететін ауыр агрегаттар көмегімен тығыздалатынын көрсетті.

Загрузки

Опубликован

2021-11-26