ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ФИТОШАМДАРДЫҢ ҚЫЗАНАҚ КӨШЕТТЕРІНІҢ ӨСУІ МЕН ДАМУЫНА ӘСЕРІ

Авторы

  • Турбекова А.С. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Джантасов С.К «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті»
  • Иткинсон Г.В. «Акари-Центр инновациялық фирмасы» АҚ
  • Столяров В.А. LLC "LedSystemMedia"

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.4(111).771

Ключевые слова:

қызанақ, көшеттер, жарықдиодты жарықтандыру, жылыжай.

Аннотация

Жарықдиодты шамдарды (ЖДШ) өсімдіктерді жарықтандыруда қолдану олардың жоғары жарықтық тиімділігіне, сәулелену спектрін реттеу мүмкіндігіне, ұзақ жұмыс мерзіміне және басқа да бірқатар сипаттамаларына байланысты болашағы зор саналады. Бұл мақалада қызанақ көшеттерін сөрелік жүйелерде өсіру кезінде фотосинтетикалық белсенді радиация  көзі (ФБР) ретінде пайдалануға арналған отандық  эксперименттік жарықдиодты шамдар сыналған тәжіри бе нәтижелері ұсынылған. Көшеттерді өсіру үшін жарықдиодты сәулелендіргішті қолдануда оның артықшылық анықталды, себебі ол сабақтың диаметрінің (бақылау шамына қатысты 14% -ға) ұлғаюын қамтамасыз етті. Бақылау сәулелендіргішті қолданған кезде сабақтың биіктігінің жоғарылауы байқалды,  алайда оның диаметрі төмендеді.

Загрузки

Опубликован

2021-10-19