ТАМШЫЛАТА-ЖАҢБЫРЛАТЫП СУАРУ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ ТЕХНИКАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).763Ключевые слова:
тамшылатып суару, жаңбырлату, құрамдастырып суару, техникалық құралдарАннотация
Суармалы егіншілікте суару әдістерінің ең көп қолданылатыны топырақтың белсенді қабатында ылғалдың мезгіл-мезгіл жинақталу принципіне негізделген, атап айтқанда, жер бетімен суару және әдеттегі мезгілдеп жаңбырлату әдістері болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарын суару үшін суарудың болашағы зор әдістері тамшылатып суару және майда дисперсті жаңбырлату болып табылады. Алайда, тамшылатып суару кезінде суару технологиясының өсімдікке жақын ауа ортасына, әсіресе өсімдіктердің өсуі мен дамуы баяулайтын, яғни ауаның температурасы жоғары, ал ылғалдылығы төмен болатын жағдайда әсер ету мүмкіндігі байқалмайды. Жаңбырлату әдісі, климаты құрғақ болатын аудандарында өсімдіктердің дамуының жер бетіндегі ауа ортасында микроклиматты қалыптастыру есебінен, бірқатар физиологиялық процестерді қарқындату кезінде, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруды қамтамасыз етеді. Тамшылатып суару мен жаңбырлатуды бірлесіп пайдалануда, жеке-жеке әр технологияға тән жағымды қасиеттерді біріктіруге және оларды бөлек қолданған кезде оларға тән болатын бірқатар кемшіліктерді жоюға мүмкіндік береді. Құрамдастырып суару технологиясын жүзеге асыруға арналған техникалық құралдарының жасалуы, бұрын жасалған конструкцияларды сынау нәтижелерін ескеріп, тамшылата- жаңбырлатып суару жүйелеріне арналған қолданыстағы конструкцияларды талдау негізінде жүзеге асырылды. Тамшылатып суару және жаңбырлату үшін жаңа техникалық құралдардың конструктивтік ерекшеліктері қарастырылады. Жасалған техникалық құралдар ауаның температурасы жоғары және ылғалдылығы төмен болатын аймақтарда дақылдарды суару үшін ұсынылады.