КЛИМАТТЫҢ ЖАҺАНДЫҚ ЖЫЛЫНУЫ КЕЗЕҢІНДЕ АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ДАҚЫЛДАРЫНЫҢ СУ ТҰТЫНУЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ

Авторы

  • Цхай М. Б. "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты." ЖШС
  • Кван Ю. Р. Ірі қара малдың сүт және аралас тұқымдарының Республикалық Палатасы
  • Калашников П. А "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты." ЖШС
  • Калдарова С. М. "Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты." ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).762

Ключевые слова:

климат, табиғи аймақ, ылғалдандыру коэффициенті, су тұтынуды нормалау, метеостанция, егістердің құрылымы, ауыл шаруашылығы дақылдары

Аннотация

Климаттық және ауа-райы жағдайлары ауыл шаруашылығы дақылдарының өсіп-дамуының және қалыптасуының жағдайларын анықтайды. Соңғы 70 жылдың көлемінде аумақтың климат пен биоклиматтық әлеуетінде елеулі өзгерістер орын алды. Климаттық факторлардың өзгеруі (ауаның температурасы мен ылғалдылығы, жауын-шашын) ҚР аумағында өсірілетін ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну мәндерін қайта қарастыру маңыздылығын алдын ала айқындады. Мақалада Алматы облысындағы ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтынуының өзгеруі, су тұтынуды нормалау және олардың көрсеткіштерін анықтау әдістері бөлігінде жүргізілген ақпараттық-аналитикалық жұмысының негізінде негізделеді. Жұмыс жүргізу барысында Алматы облысының әкімшілік аудандары бойынша агроклиматтық көрсеткіштер, ауыл шаруашылығы дақылдары егістерінің құрылымы бойынша зерттеулер (ақпараттық мәліметтерді жинау, жинақтап қорытындылау, жүйелеу)жүргізілді. Аудандастырылған ауыл шаруашылығы дақылдарының су тұтыну нормаларының түзетілуі, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне суарудың үйлесімді тәртібін қамтамасыз етуге және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

Загрузки

Опубликован

2021-09-24