СУАРУДЫҢ СУДЫ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ПАЙДАЛАНЫП, ДӘНДІК ЖҮГЕРІНІ ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ИГЕРУ

Авторы

  • Байзакова А.Е. ТОО «Казахский научно-исследовательский институт водного хозяйства»
  • Калашников А.А. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Куртебаев Б.М. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС
  • Мамучев Р. А. «Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).761

Ключевые слова:

суармалы егіншілік, су ресурстары, өнімділік, суды үнемдеу технологиялары, климат, агротехника, технологиялық карталар

Аннотация

Қазіргі уақытта дүние жүзілік аграрлық экономика мен демографияның жаңа үрдістері қалыптасуда, жылу мен құрғақшылық кезеңдерінің күшеюі мен ұзаруына қарай жаһандық климаттық өзгерістер орын алуда, бұл болса көптеген маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарының, оның ішінде дәндік жүгерінің өнімділігіне күрт теріс әсерін тигізуде.

Синоптиктердің болжамдары келесі жылдары ауа-райында ыстық пен құрғақшылық күшейе түсетінін растайды. Мұндай жағдайларда келеңсіз факторларға қарсы тұру үшін әр түрлі дақылдарды өсіру технологиясының элементтерінде айтарлықтай өзгеріс қажет, олар өнімділік пен нәтижелікке сыни факторларының кері әсерін азайтуға бағытталуы керек.

Сондықтан, суарудың суды үнемдеу технологияларын қолданып, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын жетілдіру қазіргі заманғы ауылшаруашылығы өндірісінің маңызды міндеті болып табылады.

Загрузки

Опубликован

2021-09-24