БОЛЮС ЖУЙЕСІН ҚОЛДАНУ КЕЗІНДЕГІ СИЫРЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ ӨЗГЕРУ ДИНМИКАСЫ

Авторы

  • Исабекова С.А. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Ускенов Р.Б. С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехниқалық университеті
  • Керімбек М.М. Қазақ мал шаруашылығы және жемшөп өндірісі ғылыми институты

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.4(111).757

Ключевые слова:

көбею, репродуктивті қабілеттілік, сүт өнімділігі, болюс, ұрықтандыру, күйелеу.

Аннотация

Бұл мақалада симментал сиырларының ұрықтандыру қабілеттілігін (фертильность) жақсарту және өзгерту мақсатында Қазақстанның солтүстік өңірінде болюстерді пайдалана отырып жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері ұсынылған. Цифрлық технологиялардың негізгі элементтері, соның ішінде smaXtec жүйесінің болюстарын пайдаланудағы тиімділікері қарастырылған. Симментал тұқымды сиырлардың  месқарындарына болюстарды енгізгенге дейін және енгізгеннен кейінгі көбею қабілеттілігін бақылау үшін бірқатар тәжірибелер жүргізілді. Цифрлық жүйені пайдалану кезінде сүтті ірі қара шаруашылығында сиырлардың күйлеу кезеңінің және қабыну ауруларын, ыстық немесе суық стресстің басталуы, төлдеу уақытын дәл анықтауы өсті. Сиырлардың көбею көрсеткіштері жақсарды, соның ішінде: ұрықтану индексі 1,3-ке дейін, сервис-кезең аралғының ұзақтығы 102 күнге дейін, репродуктивті қабілеттілік коэффициенті 0,9 төмендеді. Нәтижесінде болусы бар сиырларда сүт өнімділігі орташа табыннан жоғары болды.

Загрузки

Опубликован

2021-10-19