АҚМОЛА ОБЛЫСЫ "КАМЫШЕНКА" ЖШС ЖАҒДАЙЫНДА СИЫРЛАРДЫҢ КӨБЕЮ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДІЛІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.4(111).738Ключевые слова:
технология, тауарлы-сүтті ферма, сиыр, тұқым, азықтар, сүт, төлдің сақталуы.Аннотация
Мақала авторлары Ақмола облысындағы "Камышенка" ЖШС жағдайында қара ала және симментал тұқымды сиырларының көбею қабілеттілігі мен сүт өнімділігінің зерттеу нәтижелерін келтірген.Табын құрылымындағы сиырлардың үлес салмағы 46% - ды құрайды деп есептелінеді, бұл сүтті ірі қара мал шаруашылығы үшін төмен көрсеткіш болып табылады (сүтті ірі қара мал шаруашылығында сиырлардың пайыздық үлесі 50-60%-ды құрау қажет).Көбею көрсеткіштері, атап айтқанда екі тұқым үшін ұрықтандыру шамамен 19,3-18,8 айлық жасында жүреді.Сиырлардың бір сауым маусымындағы сүт өнімділігі орта есеппен табын бойынша 5460 кг деңгейінде болды, бұл өткен көрсеткіштермен салыстырғанда 11% - ға өскенін көрсетті. Сүттің майлылығы 3,7% және ақуыз мөлшері 3,23% құрайды. Сонымен қатар соматикалық жасушалардың саны 282,1 мың бірлік/мл шегінде болды, бұл нормаға сәйкес келеді.