СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ЖАҒДАЙЫНДА МАЛ АЗЫҚТЫҚ ДАҚЫЛДАРДЫҢ ПОЛИКОМПОНЕНТТІ ҚОСПАЛАРЫ МЕН БІР ТУРЛЕС ЕГІСТЕРІНІҢ ҚҰНДЫЛЫҒЫ МЕН ӨНІМДІЛІГІНІҢ БАҒАЛАУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.51452/kazatu.2021.3(110).733Ключевые слова:
малазықтық дақылдар, шөп қоспасы, өнімділік, жасыл масса, құрғақ зат, өнім, азықтық құндылығыАннотация
Бұл мақалада Солтүстік Қазақстанның құрғақ далалы аймағы жағдайында конвейерлік жүйеде малазықтық шөптер мен шөп қоспаларының өнімділігі мен азықтық құндылығын зерттейтін зерттеудің бірінші жылының нәтижелері келтірілген. Зерттеу жұмыстары 2020 жылы механикалық құрамы бойынша ауыр, топырағы қара-қоңыр болатын «Зеренді асыл тұқымды шаруашылығы» ЖШС -нің танаптарында жүргізілді. Тәжірибелерді жүргізу кезеңінде метеорологиялық жағдайлар жаз айларында жоғары құрғақшылық пен ауа температурасының жоғары болуына байланысты, малазықтық шөптердің биологиялық қажеттіліктеріне сәйкес келмеді. Алайда, шілде айында топырақ ылғалдылығының болуы дақылдардың өсіп-дамуына оң әсерін тигізді және қойылған мақсаттарға жетуге ықпал етті. Зерттеудің мақсаты – ҰММ-ды жыл бойы толыққанды жем-шөппен қамтамасыз ету үшін, құрғақ далалы аймағы жағдайында жем-шөптің өнімділігі мен сапасының тұрақты өсуін қамтамасыз ететін, таза танапты мал азықтық дақылдар мен шөп қоспаларының азықтығ құндылығы мен өнімділігін салыстырмалы бағалау жүргізіу болып табылады. Тәжірибеге көп жылдық және бір жылдық малазықтық дақылдар мен олардың қоспалары енгізілді. Егістікті бағалау фенологиялық бақылауларға, химиялық құрамына, өсімдіктердің өсу динамикасына, өнімділігіне, жем-шөптің әр түрінің азықтық құндылығына сәйкес жүргізілді. Вегетацияның минималды кезеңі екі жылдық мал азықтық дақылдарда – 49 күн, вегетациянының максималды ұзақтығы – 116 күн болып пайзада белгіленді. Біржылдық өсімдіктер арасындағы максималды биіктік судан шөбінде байқалды, өімдіктің биіктігі егінді жинау алдында 160,2 см құрады, биіктігі бойынша жоғары келесі мал азықтық тары мен африкалық тары болды, сәйкесінше 47-63 см құрады. Пішен өнімділігі мен азықтық құндылығы бойынша бір жылдық шөптерарасында тритикале мен африкалық тары - 8,74 және 8,59 МДж/кг, екі жылдықтардың ішінде еділ түйежоңышқасында - 8,17 МДж/кг, ал шөп қоспаларында - асбұршақ + сұлы және асбұршақ + судан шөбі тиісінше 8,14-8,32 МДж/кг құрады. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің малдарды жыл бойы толыққанды жем-шөппен қамтамасыз ету үшін өнімділігі жоғары шикізат конвейерін жасауға практикалық қызығушылығын ескере отырып, бұл зерттеулер өзекті болып табылады және тәжірибенің дәлдігі үшін жалғастыруды талап етеді.