ҚАЗАҚСТАНДА 2018 ЖЫЛЫ PUCCINIA TRITICINA ВИРУЛЕНТТІЛІГІ МЕН РАСАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

Авторы

  • Мәуленбай А.Д., техникалық ғылымдарының магистрі Ысқақова Г.Ш., жаратылыстану ғылымдарының магистрі Рсалиев А.С., а.ш.-ғ.к.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.68

Ключевые слова:

Puccinia triticina, вируленттілік, раса, ген, индекстер, монопустулалық изоляттар, урединиоспоралар, изогенді линиялар, жиілік

Аннотация

Жапырақ татының расалық құрамын анықтау үшін Қазақстанның әртүрлі аймақтарында кеңінен пайдаланылатын Алтай, Карабалыкская 92, Августина, Омская 36 бидай сорттарынан қоздырғыштың 85 монопустулалық изоляттары бөлініп алынды және олар жан-жақты зерттелді. Нәтижесінде республиканың түрлі экологиялық белдемдерінде
Lr9, Lr19, Lr24, Lr25 және Lr29 гендері бар линиялар жапырақ таты изоляттарынан тиімді қорғана білді. Бидай жапырақ таты қоздырғышының 25 расасы анықталды және олар әртүрлі жиілікпен кездеседі және вируленттілік белгісі бойынша бір-бірінен толық ажыратылады. Қоздырғыштың TGTGT және TQTGT расалары Қазақстанның барлық аймақтарында кездесетіні айқындалды. Жекелеген расалар (TRTJT, TRTHT, THTHT, THTQT) кең спектрі вируленттілікпен сипатталды. Қазақстанның әрүрлі аймағынан тәжірибеге пайдаланған P. triticina популяциялары вируленттілігі және расалық құрамы бойынша арнайы статистикалық әдістер арқылы сипатталды. Статистикалық талдау нәтижелері Қарабалық пен Қостанай аймақтарында бидай егістігінде кездесетін жапырақ таты популяцияларының ішкі генетикалық құрылымы, патогеннің расалық құрамы және даму деңгейі біркелкі болатынын байқатты. Ал, солтүстік және шығыс Қазақстан популяциялары арасында аталған белгілер бойынша айтарлықтай айырмашылық бар екенін көрсетті. Бұл, аталған аймақтарда өсірілетін бидай сорттарының өзгешелігіне, географиялық алшақтығына және климаттық жағдайдың айырмашылығына байланысты болуы мүмкін. Зерттеу нәтижелерін жапырақ татына бағытталған бидай селекциясында және фитопатологиялық зерттеулерде тиімді пайдалануға болад

Загрузки

Опубликован

2021-05-18