-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

соя, почва, азот, азотные удобрения, урожай, эффективность, оптимизация.

Аннотация

Мақалада Ақмола облысы Целиноград ауданы «Агрофирма «Ақтық» АҚ шаруашылығының жеңіл балшықты карбонатты күңгірт қара қоңыр топырағында қытай бұршағының азотпен қоректену жағдайлары мен азотты тыңайтқыштарға қажеттілігін анықтау мақсатында жүргізілген үш жылдық ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері келтірілген.
Жұмыста ылғалдылықтың қандай да бір жағдайында қытай бұршағының максималды өнім түзетін топырақтағы азоттың оңтайлы мөлшерін анықтаудың әдістері келтіріліп, азотты тыңайтқыштардың тиімділігін анықтайтын негізгі факторлары көрсетілген. Ұсынылған тәсіл топырақтағы азоттың жетіспеушілігін анықтауға, топырақтағы азоттың мөлшерін оңтайлы деңгейіне жету үшін азотты тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін есептеуге мүмкіндік береді. Осы тәсіл қытай бұршағының
биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес азотпен қоректенуде қоятын талаптарын ескере отырып, топырақтың азот құбылымын мақсатты түрде басқаруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде тыңайтқыш қолдануда экономикалық тиімділік пен экологиялық қауіпсізді қамтамасыз етеді. 

Загрузки

Опубликован

2021-08-18