-
Ключевые слова:
интенсивность движения, загрязнение, почва, снежный покров, атмосферный воздух, мониторинг.Аннотация
Бұл жұмыста Абай даңғ. – Пушкин көш., Абай даңғ. – Республика даңғ. реттелетін жол қиылыстарында жүргізілген визуалды бақылаулар нәтижелері бойынша көлік ағымдарының қарқындылығы мен құрамы 2012-2014 жж. зерттелді. Абай данғ. – Пушкин көш. жол қиылысы арқылы орта шамамен 2000-2500 автокөлік жүретіні анықталды, демек бұл жол қиылысы көлік
жағдайы бойынша ауыр жолдарға жатады. Абай данғ. – Республика данғ. жол қиылысы арқылы орта шамамен 1500-2000 автокөлік жүретіні анықталды, демек бұл жол қиылысы көлік жағдайы бойынша орташа болып есептеледі. Абай данғ. бойынша жүретін көліктердің басым бөлігі 93-97% жеңіл автокөліктер болып келеді. Сонымен қатар, топырақ үлгілерінің, атмосфералық ауаның, қар жамылғысының ауыр металдарға, анорганикалық шаңға, азот және күкірт оксидтеріне физикалық-химиялық талдаулары жүргізілді. 2013 жылы жүргізілген атмосфералық ауаның аспапты өлшеулері Абай
данғ. – Пушкин көш. жол қиылысында азот диоксидының мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан 1,5 есе, мырыш және оның қосылыстарының концентрациясы 6 есе жоғары екенін көрсетті. Абай данғ.– Республика данғ. жол қиылысында азот диоксидының концентрациясы ШРК-нан 2,5 есе жоғары, мырыш және оның қосылыстарының концентрациясы 4 есе жоғары екені анықталды. Соның салдарынан автожол бойында ауыр металдардың геохимиялық ауытқулары қалыптасуда.