-
Ключевые слова:
plasma, strengthening, quenching, tempering, normalization, steel, interchangeable parts, structure, soil cutting machines, martensite, ferrite, pearlite, abrasion resistance, hardness, toughnessАннотация
Авторлардың өз зерттеулері және әдебиеттегі деректерді талдау негізінде ауыржүктелген, тезтозатын бөлшектердің эксплуатациялық ресурсын ұзартудың тиімді тәсілі болып плазмалық шынықтыру болатындығы көрсетілген. Себебі
мұндай шынықтыру өзінің параметрлері жағынан универсалды, қолжетімді әрі экономикалық тиімді болып келеді.Мұндай беріктендіруші термиялық өңдеу бөлшектердің сыртқы қабатының кедір-бұдырларын өзгертпей оларды жөндеу
мен қайтадан қалпына келтірудегі технологиялық үрдістерге жеңіл үйлестіріледі.Сонымен бірге үрдіс соңғы операция болып есептеледі, өнімділігі жеткілікті, аз шығынды және ауылшаруашылық машиналарының ауыстырылатын бөлшектерінің эксплуатациялық төзімділігін көтеруде өте тиімді. 65Г болатынан жасалған жазық үлгілерді термиялық беріктендірудің бес
вариантының нәтижелерін салыстыра келе топырақкескіш машиналардың ауыржүктелген, тезтозатын бөлшектерінің беріктік, пластикалық және тұтқырлық қасиеттерінің ең жақсы үйлесімділігін қамтамасыз ететін плазмалық модификациядан кейінгі 300 0С босату болып есептеледі Плазмалық шынықтыру кезінде болатын өте тез жылдамдықпен қыздыруда фазалық түрленулердің жоғарғы температураларға ығысатыны расталып, бұл өз кезегінде жаңа фазаның зародыштарыныұрықтарының пайда болу және өсуінің кинетикасына қатты әсер етеді. Өйткені бұл термиялық үдемелі үрдіс. Нәтижесінде аустенит бөлшектерінің пайда болуы мен өсуінің қатынасы өзгереді: температура көтерілген сайын аустенит түйіршектерінің пайда болуы олардың өсуінен тезірек жүреді, яғни түйіршектердің пайда болу жылдамдығы олардың өсу жылдамдығынан үнемі артып отырады.Бұл үрдіс өте ұсақ түйіршікті аустениттің пайда болуына әкеліп, ол беріктігі жоғары өте ұсақ дисперсті мартенситке түрленеді.