-

Авторы

  • -

Ключевые слова:

шейки шпинделя, плазменное упрочнение, градиентно-слоистая структура, дуговая и струйная закалка, микротвердость, износостойкость, трещиностойкость, межпластиночное расстояние

Аннотация

Сапалы көміртекті болаттан жасалған вагон доңғалақтарының жалдары мен ауыр токарлы станоктің қоспаланған 35ХН3МФА болаттан жасалған ұзындығы 6500 мм шпинделінің мойнының сыртқы қабаты плазмалық шынықтырумен өңделген. Үлкен габаритті және массивті әр салада қолданылатын бөлшектердің сенімділігін олардың сыртқы қабатын плазмалық шынықтыру арқылы көтеруге болатындығы негізделген. Плазмамен беріктендірілген қабатта микроқаттылығы әртүрлі бірнеше құрылымдық зоналардың пайда болатыны көрсетілген. Бұл өз кезегінде беріктендірілген қабатта градиентті қабатты құрылымның түзілгенін анықтайды. Бөлшектің сыртқы қабатын плазмалық шынықтыруда болатын өте тез
жылдамдықпен қыздыру кезінде фазалық және құрылымдық түрленулер жоғарғы температураларға қарай жылжиды да, жаңа фазаның, яғни аустенитттің, пайда болу және өсу кинетикасының қатты өзгертіндігі расталған.Мұндай түрлену
кезінде өте ұсақ түйіршікті аустенит қалыптасады да, ол жоғары дисперсті мартенситті құрылымға айналады, өте ұсақ түйіршектерден тұратын құрылымды термиялық өңдеудің дәстүрлі тәсілдерінде алу мүмкін емес.

Загрузки

Опубликован

2021-08-17