ҚАРЖЫ ПИРАМИДАСЫН МАТЕМАТИКАЛЫҚ МОДЕЛЬДЕР КӨМЕГІМЕН ЗЕРТТЕУ

Авторы

  • Мукушев Б.А. – п.ғ.д., профессор

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.101

Ключевые слова:

Қаржылық пирамида, бағалы қағаздар эмиссиясы, MathCAD қолданбалы программалар пакеті, қаржы пирамидасының банкротқа ұшырауы, қаржылық математика.

Аннотация

Қаржы пирамидасының іс-әрекеті қаржы математикасы, экономика және компьютерлік ғылымдар тұрғысынан зерттелді. Қаржы пирамидасының пайда болу механизмі ашылды және әр түрлі ғылымдар тұрғысынан оны сипаттайтын параметрлердің өзгеру динамикасы зерттелді. Қаржылық пирамидалар ішінде АО «МММ»-нің іс-әрекеті талданып, экономикалық және математикалық талдаулар жасалды. MathCAD ортасында қаржылық пирамиданың сандық моделі жасалды және қаржылық пирамиданы сипаттайтын параметрлердің динамикасы қаржылық математика әдістері көмегімен зерттелді. Зерттеу жұмысында сандық әдістер, математикалық және компьютерлік модельдер, анализ және синтез, нәтижелерді жалпылау тәсілдері қолданылыды. Автор әр түрлі комерциялық құрылымдардың (банкілер, фирмалар және т.б.) қаржылық іс-әрекеттерін талдады, бағалы қағаздарды шығарып сатумен айналысатын қаржылық пирамидалардың сандық моделін құрды, қаржылық пирамидалардың пайда болуы, дамуы және жойылуының шарттарын анықтады.

Загрузки

Опубликован

2021-05-17