ИМИДАЗОЛИНДЕР ЖӘНЕ СУЛЬФОНИЛМОЧЕВИНА КЛАСТАРЫНЫҢ ГЕРБИЦИДТЕРІНЕ ТӨЗІМДІ КҮНБАҒЫС БУДАНДАРЫНЫҢ ЖЕЛІЛЕРІН ҚҰРАСТЫРУ

Авторы

  • Щербань С.В., а.ш.ғ.к.,будандастыру маманы Байгеленова А.К., ғылыми қызметкер Соционер А.С., кіші ғылыми қызметкер

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.47100/herald.v1i3.74

Ключевые слова:

: күнбағыс, желі, гербицидке төзімділік, имидазолиндер класы, сульфонилмоченвиндер класы, тозаң, комбинациялық қабілет, генотип цитоплазмалық аталық ұрықтану, будан.

Аннотация

2015-2019 жылдар аралығындағы зерттеулер нәтижесі бойынша имидазолинон және сульфонилмочевина класының гербицидтеріне төзімді күнбағыс будандарының бастапқы желілерін құру мақсатында 10 мың аналық және аталық желілерін будандастыру жұмыстары жүргізілді және жұмыс нәтижесі іріктеу арқылы анықталды: СВ258 аналық формасы және
СВ215 аталық формасы – гербицидтердің имидазолинон класы үшін, ал сульфонилмочевина класы үшін CLEO-123 аналық және SP1459 аталық желісі құрастырылды. Алдағы жоспар бойынша бұл желілер – күнбағыстың
гербицидке төзімді будандарын алуды қамтамасыз етеді. Жұмыстың өзектілігі аграрлық нарықтың сұранысына байланысты, ауа райы-климаттық жағдайларға және нөлдік өңдеудің топырақ экологиялық факторларына бейімделген, өсіп өну мерзімі аз уақытты қамтитын, гербицидтерге төзімді отандық будандардың бастапқы желілерін құру және
пестицидтер жүктемесінің төмендеуін қадағалау болып табылады

Загрузки

Опубликован

2021-03-10 — Обновлена 2021-03-10