-
Ключевые слова:
сорго, сырьевой конвейер, силос, сухое вещество, переваримый протеин, кормовая единица.Аннотация
Осы жұмыста қанттық шай жүгерінің өсіру технологиялық тәсілдерін сүрлемдік конвейер жүйесінде көрсетіледі. Солтүстік Қазақстан жағдайында мал азықтық дақылдарының арасында жүгері маңызды ауылшаруашылық сүрлемдік дақыл болып қалады. Бірақ өзінің тұрақсыз өнімділгінде жылдар бойынша мал азығына бағытталатын жүгерінің өнімі төмендейді. Қанттық шай жүгері жаздың құрғақшылығын жеңіл көтеретін арнайы қасиетіне ие болады. Жауын-шашынсыз ұзақ кезеңнен кейін биомассаның ешқандай шығынсыз өсуі мен дамуын жалғастыруға бейімді. Қанттық шай жүгері вегетациялық кезеңі
бойы топырақ ылғалын вегетативті және генеративті органдарының қалыптасуы үшін үнемдеу шығындайды. Жүгерімен салыстырғанда шай жүгері сүрлемдік дақыл болып табылады, айрықша қуаңшылық жағдайда. Қанттық шай жүгері мал азықтық мақсатына өсіргенде жыл сайын тұрақты жоғары өнім бере алады. Шай жүгеріден жасалған мал азығы оңтайлы қанттық-протеиндік арақатынасымен сипатталады. Ол ауылшаруашылық малдардың күзгі-қысқы азықтандыру кезеңінде мал азықтардың үздіксіз өндірісін қамтамасыз етеді.