СУ РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ЖӘНЕ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН МЕЛИОРАЦИЯЛАУ САЛАЛАРЫНЫҢ АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫМЕН БАЙЛАНЫСТАРЫ
Ключевые слова:
су ресурстары, табиғи ландшафты мелиорациялау, ауылшаруашылығы жерлерін мелиорациялау, су нысандарын мелиорациялау, су гидромелиорация, су пайдаланушы, нарықтық су қатынастары.Аннотация
Бұл мақалада су ресурстарын басқару саласы және ауыл шаруашылығы жерлері мелиорацияларының айырмашылықтарымен байланыстары ғылыми негізделеді, өндіріске және ғылымға пайдалы қорытындылармен ұсыныстар
берілген. Бұл жұмыстағы негізгі идеялар ауылшаруашылық жерлерін мелиорациялау саласының белгілі ғалымдардың ғылыми тұжырымдарымен тығыз байланыста, олар нарық экономикасы ерекшеліктері және ғылыми зерттеулер негізінде дамытылған. Су ресурстарын басқару және ауылшаруашылық жерлерін мелиорациялаудың бөлек салалар екендігі,
олардың мақсаттары және қажетті шаралары ғылыми дәлелденіп жүйелі түрде берілген. Суармалы жерлердің күйін жақсарту мақсатында гидромелиорацияны дамытуды ауылшаруашылық жерлердің мелиорацияларының басқа түрлерімен, топырақтану және агротехнологиямен байланыстарын қамтамасыз етудің өзектілігі айтылған.